Шу маңындағы апат: Пойыздың машинисі ұсталды
Тергеуге сегіз вагон рельстен шығып кеткен жерде кезекшілік атқарған теміржол қызметкерлері де шақырылды
Астана-Алматы пойызын басқарған машинист ұсталды, деп хабарлайды КТК телеарнасына Апат салдарынан зардап шеккен жолаушылар өтемақы алатын болады. Еске салайық, Жамбыл облысында жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қаза тапқан жасөспірімнің туыстарына көңіл айтып, тергеуді жеке өз бақылауына алды.