Канада ауруханаларында науқасты жануарлар емдейді
Канаданың ауруханаларында емделушілерге үй жануарларымен кездесуге мүмкіндік берілген. Бұл көріністер адамды қатты әсерлендіреді.
Үй жануарларының ауырып жатқан кезде денсаулығымызды жақсарта алатын қасиеттері бар. Олардың жалағандары, жайлы құшағы және көңіл көтеретін қылықтары кез-келген адамды таңғалдырып, барлық қиыншылықтарынан арылтады. Ауруханада жатқан адамдар үйден және жанұядан ғана емес, сонымен бірге төрт аяқты достарының жанында болмағандығынан да қатты күйзелуі мүмкін. Алайда, Заxария Ноблдың арқасында бұның бәрі өткенде қалды. Мұның бәрі Захария Ноблге "Ходжкин лимфомы" диагнозы қойылған кезде басталды. Өкінішке орай, ол аурудың химиотерапияға тәуелді агрессивті түріне ие болды. Ол көп уақыт ауруxанада өткізді және кейде сүйікті иттерін көргісі келетін. Ал медициналық топ оның арманын орындады. Заxария өзінің екі итін көргеніне қатты қуанды, олармен кездескеннен кейін оның денсаулығы біршама жақсарып қалды. «Біз оның күйзеліс деңгейінің өзгергенін, үйге оралуды қалап,оның жалпы көңіл-күйінің түсіп кеткенін байқадық», - дейді тәтесі Донна Дженкинс. Өлімінің алдында Заxария ауруханасындағы басқа емделушілердің үй жануарлары өз қожайындарымен кездесе алатындай етіп жоспар құрды. Донна бұл жобаны жүзеге асыруға уәде берді. Қазір Zachary’s Paws For Healing - ең белсенді жұмыс атқаратын жоба, бірақ бұл бастамаға қанша күш жұмсалғанын елестету мүмкін емес. Донна Juravinski ауруханасындағы медициналық қызметкерлермен, сонымен қатар инфекцияны бақылау және еріктілер қызметімен тығыз байланыста болып, барлық егжей-тегжейлерді ескеріп, қажетті процедураларды әзірледі. Ұйымдастырушылар барлық емделушілерді осындай кездесулерден жұғуы мүмкін инфекциялар мен бактериялардан қорғауға болатындығына көз жеткізгісі келді. Бірақ жалғыз міндет емделушінің қауіпсіздігі ғана емес. Zachary’s Paws For Healing тобы сонымен бірге келер алдында әр жануардың қауіпсіздік деңгейін тексерістен өткізеді. Үй жануарлары үшін атмосфера қолайсыздық тудырмайтындай болу керек. Ал егер жануарларымен бір қиындық туа қалса, оларды иелеріне жібермейді. Заxария мен Доннаның арқасында көптеген адамдар өздерінің сүйікті жануарларымен кездесуге мүмкіндік алды, ал кейбір емделушілер достарымен соңғы рет кездесіп үлгерді. Бірақ бұл олардың Тек қана оқшауланып отырудан босап, айналасынан көбірек қолдау мен үміт алуларына көмегі тигендігіне сенімдіміз.