Басты жаңалықтар

Футболшылар мінген ұшақ Ресей аспанында өртеніп кете жаздады

Сауд Арабиясының футболдан ұлттық құрамасы мінген ұшақ әуеде жана бастады

Спортшылар Әлем чемпионаты аясындағы матчқа қатысу үшін  Дондағы Ростов қаласына ұшып шыққан. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KYN.KZ хабарлайды «Ресей» авиакомпаниясының ұшағы көкте жалындай бастағаны туралы хабарламалар алдымен әлеуметтік желілерде тарады.   Кейін Сауд Арабиясының футбол федерациясы Twitter-дегі ресми парақшасында дүйсенбі күні кешке аман-есен жерге қонғанын жазды. «Сауд Арабиясының футбол федерациясы болмашы техникалық ақаулардан кейін ұшақ Ростовтағы Дон әуежайына қонғанын және ұлттық құраманың барлық мүшелері қауіпсіз жерде екенін хабарлайды. Құрама мүшелері қазіргі уақытта тоқтаған мекен жайларына аттануда», - деп жазды олар. Әлеуметтік желілерде тараған видеода әуе кемесінің қанатының астында, қозғалтқышқа жақын жерден от тұтанғаны көрінеді. Айта кетейік, Сауд Арабиясының құрамасы 20 маусым күні Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Уругваймен кездеседі.