Ресейлік келіншек қайын атасының қарыздары үшін балаларынан айырылып қалуы мүмкін
Олар балаларды ұрлап кетеміз деп қорқытқан
Ресейдің Тюмень қаласында қайын атасының қарызы үшін анасынан балаларын тартып алмақ деп хабарлайды KYN.KZ Тюменде коллекторлар келіншектен қайын атасының қарызы үшін балаларын балабақшадан ұрлап әкетеміз деп қорқытып отыр. 16 маусым күні әлеуметтік желілердің бірінде жасырын жазба пайда болған. Олар келіншекке «балаларын ойнап жүрген кезінде кенеттен жоғалып кетуі мүмкін», - деп сес көрсеткен. Тіпті бұл бірнеше рет қайталанған. Жазбаға жауап ретінде Тюмень тұрғындары көмектесуге дайын екенін білдірді. Біреулер ақшаны жинап беруге кеңес берсе, біреулер коллекторлармен болған әңгімелесуді жазып алуды және сол жазбамен прокуратураға баруды ұсынды. Әйелге балаларын қорғауға көмектесуге дайын адвокаттар да табылды. Бұл іспен енді құқық қорғау органдары айналыспақ.