Басты жаңалықтар
Шудағы пойыз апатынан қайтыс болған бала тас аралас құмға жаншылып қалған
- автор kyn.kz
- 19 маусым, 2018
- 563
Шудағы апатта жасөспірімнің қалай өлгенін әкесі айтып берді
Шудағы пойыз апатында қаза болған баланың әкесі жалғыз ұлының қалай жан тапсырғаны туралы айтып берді. Бұл туралы KYN.KZ 31 арнаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Баланың ата-анасы болған Шудағы пойыз апатынан соң есеңгіреп қалды. 12 жастағы ұлынан әп-сәтте айырылып, қара жамылған отбасы ақтық сапарға дайындалып жатыр.
Отбасы сол күні Қырғызстанға қыдырмақ болып жолға шыққан.
«Ұлым менің соңымнан еріп, тамбурға шығып келе жатқан. Пойыз құлағанда, алдыға ұшып кетті. Тасты құмға жанылып қалды», – дейді әкесі.
Марқұмның жақындары қаралы хабарды жаңалықтардан естіп-біліпті. Олар кінәлі адамдардың жазалануын талап етеді. Облыс әкімдігі марқұмның отбасына көмек көрсететінін жеткізді.
Баланың денесі бүгін жер қойнына тапсырылады.
Айта кетейік, 17 күні Шу ауданында пойыз апатқа ұшырап, 1 адам көз жұмды, 14 адам зардап шекті.