Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Стамбулға барсаңыз...

Стамбулға барсаңыз...
ашық дереккөз
Стамбул - көптеген туристер арасында танымал қала.
Саяхатшылар бармаған қызықты жерлер өте көп. Стамбулда әлі күнге дейін жергілікті тұрғындар жақсы біле бермейтін жерлер бар. Ал келушілер мен демалушылар керемет жерлерден бейхабар болуыда мүмкін. Nail Kitapevi кітап дүкені  width= width=Көптеген туристер ең алдымен шығыс кәмпиттерін немесе кәдесыйларды сатып алатын дүкендер мен дүңгіршектерді іздейді. Алайда кітап дүкендері туралы сұрайтындары өте сирек. Бұл әділетсіз. Nail Kitapevi - бұл бірнеше кітап сатып алуға немесе жай демалып, қызықты басылымдарды қарауға болатын ыңғайлы әрі жайлы дүкен. Дүкендегі атмосфера үй сияқты. Көптеген жұмсақ орындықтар бар, онда сіз кітаптар оқып, хош иісті шай ішіп демалуыңызға болады. Mescid Suleymanie  width= Ыстамбұлда ұлылыққа толы әдемі мешіттер көп. Олардың кейбіреулері міндетті туристік бағдарламаға енгізілген, мысалы, Көк мешіт немесе Ая София. Сүлеймения мешітіне бәрі бара бермейді. Бұл танымал әйгілі мешіттерден кем түспейді, сонымен қатар ерекше атмосферасы бар, көруге тұрарлық ғимарат. Ла Манча мейрамханасы  width= Егер сіз тек Стамбулда түрік асханаларын ғана емес, сонымен қатар мароккалық, испан немесе итальяндық тағамдарды татып көргіңіз келсе, онда сіз міндетті түрде Ла Манчаға баруыңыз керек. Туристер бұл жерге жиі келмейді, мейрамхананың терезесінен көрініс керемет көрінеді. Мұнда сіз керемет тағамдарынан ауыз тиіп, қаланың әдемі көріністеріне таңдануды ұмытпай, демалаласыз. Мұнда кез келген адам келе алады - мекеме күн сайын жұмыс істейді. Биік Валиде хан (Büyük valide han)  width= Егер сіз Стамбулға саяхат ұйымдастыруды өзіңіз шешсеңіз, Буюк Уалиде Хан деген жерге барғаныңыз дұрыс. Бұл жер үш ауласы, екі қабатты, 200-ден астам бөлмесі бар ғимарат. Тіпті бұл жерде мұнара, дәлірек айтқанда оның қалдықтары бар, олар Византия заманынан бері сақталған болуы мүмкін. Тарихи құндылықтан басқа, бүкіл Ыстамбұлдың шынайы жанды көрінісін Буюк Валиде ханның төбесінен тамашалай аласыз. Осы жерден сіз өзіңізге естелік үшін өте әдемі суреттер түсіре аласыз. Балат және Фенера ауданы  width= Бұл жер қазір ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра сайттарының тізімінде. Мұнда сіз Стамбулдың ежелгі аудандарын аралай аласыз. Балат - XV ғасырда қоныстанған еврей ауданы. Испания аумағынан қуылған еврейлер бұл жерлерде жаңа қоныс тапқан. Фенер - бір кездері Осман империясының даңқты кезеңдерінде грек әлемінің орталығы болған грек ауданы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар