Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шудағы пойыз апаты: Қасымов машинист ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды

Шудағы пойыз апаты: Қасымов машинист ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды
ашық дереккөз
Қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр
Жамбыл облысында апатқа ұшыраған пойыздың машинисі ұсталған жоқ. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп KYN.KZ  Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұған дейін Астана-Алматы бағытындағы пойызды басқарған машинистің ұсталғанын хабарлаған едік. БАҚ ақпаратынша, жолаушылар вагоны аударылған учаскеде кезекшілік атқарған теміржол жұмысшыларынан да жауап алынған. Қасымов үкімет отырысынан кейін: "Оны ұстады деп кім айтты? Бұл жалған ақпарат, одан бар болғаны жауап алынып, кейін босатты. Тұтас бір қылмыстық іс, сараптама жүргізіледі", — деді.   Машинистің ұсталмағанын бірінші инвестициялар және даму министрі Роман Скляр де растады. "Жоқ, ешкімді ұстаған жоқ. Тергеу объективті, ашық түрде жүргізіледі", — деп сендірді Скляр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар