ТІЛШІ ТАСЫҒАН СУЫ МОЙЫНЫНА ЖЕТКЕНШЕ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДІ ЖҮРГІЗІП ТҰРҒАН.
Пәкістандық GTV арнасының тілшісі Азадар Хуссейн Пенджабе қаласының маңындағы Синд өзенінің маңында тікелей эфирден хабар таратып тұрған.
Лайланған судың үстінде оның басы, микрофонмен бір қолы ғана көрінеді. Бұған қарамастан, салмақты үнмен тасқынның ауыл шаруашылығына зиян келтіргені жөнінде хабарлаған.
Азадардың репортажы әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Өз ісіне берілген журанлистің қылығына сүйсінгендер көп болды. Бірақ, "тек жұмыс үшін осындай қауіпке басын тіккен, бұл адамның есі дұрыс емес" деп пікір қалдырғандар да бар.
Журналист оқиға орнында жалғыз емес екенін де айта кету керек. Оны тікелей эфирге оператор қосып отырған.
https://www.youtube.com/watch?v=-4SJuQLfN44&feature=youtu.be
Дереккөз: unilad.co.uk
Келесі мақала