Басты жаңалықтар

Дәурен Абаев: қытайлар Қазақстанға ағылып жатқан жоқ, бұл жай ғана аңыз

Оның айтуынша, қазақстандықтардың басым көпшілігінде Қытай туралы жаңсақ пікір қалыптасқан

 

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қытай туралы теріс пікірлерді жоққа шығарды. Абаев мәлімдегендей, халық арасында Қытайдан қорқу қалыптасқан, оның тамыры тарихта жатыр деп KYN.KZ Евразия арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Синофобияны жалған ақпарат таратушылар жиі пайдаланады, өйткені Қытайға қатысты кез келген "үрейлі жайт" әлеуметтік желіде бірден тарап кетеді. Екінші фактор: орыс және ағылшын тілдерімен салыстырғанда, қытай тілін білетін азаматтарымыз аз. Сол себепті видеода не болып жатқанын түсіне бермейміз. Үшінші фактор – Қытайды білмейді. Яғни, қытайлар Қазақстанға ағылып жатқан жоқ, бұл бар болғаны аңыз", — деді Абаев "Открытый диалог" бағдарламасында.

Абаевтың ойынша, Қытайға барған және бармаған азаматтардың Аспан асты елі жайында түсінігі әртүрлі. Сол себепті қазақстандықтардың басым көпшілігінде жаңсақ пікір қалыптасқан.

Визасыз режим

Ақпарат министрлігі басшысы айтқандай, Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізу мәселесі ешқашан қарастырылып, талқыланған емес. Бірақ Қытай мен Үндістанның транзиттік жолаушылары үшін 72 сағаттық визасыз режим бар екен.   "Қазақстан – кең байтақ мемлекет. Сол себепті жүк және жолаушылар транзиті бойынша қаражат табуға тиіспіз. Қытай азаматтары Ресей  мен Еуропаға Қазақстан арқылы ұшатын болса, бұл бізге өте тиімді. Бірақ Қазақстан арқылы теміржолмен жүретін жолаушылар үшін бір тәулік жетпейді. Кей әуе рейстері үшін де көбірек уақыт керек. Сол себепті транзиттік жолаушылар үшін уақытты 3 тәулікке дейін ұзарттық", — деп мәлімдеді Абаев.   Министр түсіндіргендей, шетелдіктерің қауіпсіздігі, көші-қоны және оларды тіркеумен айналысатын мемлекеттік органдар Қытай азаматтарын бақылауға қауқарлы.   Желідегі айғай-шу Абаев Қазақстанның Қытайдағы елшілігі маңындағы айғай-шуға қатысты пікір білдірді. Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде ұзын-сонар кезектің видеосы жарияланған болатын. "Қытай оркестрі біздің елшілікке виза алуға келген. Президентіміз Қытайда болған күндердің бірі еді. Әлбетте, елшіліктің басым бөлігі мемлекет басшысының ресми сапарын ұйымдастырумен айналысып жатты. Сөйтіп, уақытша кезек пайда болған. Сол оқиға видеоға түсіп қалыпты", — дейді Дәурен Абаев.