Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақылды ит жоғалып кеткен үш жасар қызды табуға көмектесті

Ақылды ит жоғалып кеткен үш жасар қызды табуға көмектесті
ашық дереккөз
Ит түні бойы қыздың қасында болған
АҚШ-та жүгері егістігінде жоғалып кеткен үш жасар қызды иттің көмегімен тауып алды деп хабарлайды KYN.KZ Миссури штатының полиция қызметкерлері жоғалып кеткен бүлдіршінді 14 маусым күні кешке іздестіруді бастаған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша сәби Кулин қаласында үйден шығып кеткен. Іздестіру жұмыстары түні бойы жалғасты. Дегенмен қызды табу мүмкін болмады. Келесі күні еріктілер тобы жақын жердегі жүгері егістігінің ішінен іздестіруге шықты. Қызды егіннің ортасынан көмектің жақындағанын естіп, тоқтаусыз үрген иттің дыбысы арқылы тауып алды. 3 жасар Реми Элиоттың жағдайы жақсы, дегенмен оны жәндіктер шағып тастаған. «Бірлік осындайда көрінеді. Еріктілер тобы кішкентай қызды іздеуге шықса, ақылды ит оны табуға көмектесті», - деп жазды жергілікті полиция қызметкерледі әлеуметтік желіде. Бүлдіршінді іздеуге атсалысқан еріктілердің бірі жүгері алқабында жоғалудығ өтк қауіпті екенін айтты. Себебі үлкен адамның өзі дыбысты естігенімен, оның нақты қай жақтан шығып тұрғанын анықтау мүмкін емес.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар