Түсірілім кезіндегі жазатайым оқиғалар
Кино түсіру оңай дүние емес.
Фильм барынша шынай шығу үшін ондағы қимылдардың да шынайы жасалғаны жақсы. Бірақ, кейде осындай әрекеттер кезінде жазатайым оқиғалар орын алып жатады. Бір сал ауруына шалдықса енді бірі өліп кетеді. Осындай түсірілім кезіндегі тосын оқиғалар туралы біздің тізімде. Алдамшы көрініс (Иллюзия обмана) Айла Фишердің өміріне қауіп төнген жағдай орын алған. Судың ішінде кісенді шешу керек болған көрініс бар. Осы көрініс кезінде бір қолының кісені шешілмей қалады. Оны түсірілім тобы түсінбеген. Актриса есінен танып қалған кезде барып олар кісеннің шешілмей қалғанын түсінген. Құтқару операциясы 3 минутқа созылған. Бірақ, Айла аман қалды. Директор (1965 ж) 1965 жылы "Директор" фильмінің түсірілім барысында бір актер қаза тапқан. Автокөліктің құмнан секіретін көрінісін қайта түсіру барысы сәтсіз орындалған. Автокөлік аударылып Евгений Урбанский жарақат алған. Жарақатының ауыр болғаны сонша оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Режиссері Салтықов режиссурадан босатылды. Алайда, төрт жылдан кейін "Директор" фильмі қайта түсірілді, тек басты кейіпкерді басқа актер - Николай Губенко ойнады. Сумеречная зона (1983 ж) Түсірілім барысындағы жантүршігерлік оқиғаның бірі 1983 жылы орын алды. Ол Стивен Спилбергтің "Сумеречная зона"фильміндегі актер Вик Морроумен оның қызы түсірілім кезінде қаза тапты. Кадрға керекті 7 метр биіктікте тікұшақ пиротехникадағы ақаулықтарға байланысты басқарудан айырылып, құлай бастаған. Бұл уақытта Морроу 6 және 7 жастағы екі баланы қолына көтеріп судан өтіп келе жатқан сахна түсіріліп жатқан. Тікұшақ құлаған уақытта Морроу мен кішкентай қызының басын шауып түскен. Бұл бейне видеоға анық түсіп қалған. https://www.youtube.com/watch?v=ru6I9Cc9XnE Қарға (1993 ж) Брэндон Ли, атақты Брюс Лидің ұлы, "Ворон"готикалық драмасының түсірілімдерінде қаза тапты. Эпизодта, кейіпкер үйге кіріп, екі бұзақы оның құрбысын қорлағанын көргенде, қылмыскерлердің бірі атып тасайды. Бұл сахна атыс қаруымен орындалу керек болған. Сол күні Брэндон Ли бронежилет киюден бас тартты. "Қылмыскер "бос патрондармен ататын, ал" кейіпкер "атыс имитациялайтын қолда жасырынған жарылғыш құрылғыны детонациялайды. Осы уақытта ұйымдастырушылар тапанша бітеуішінің бітеліп қалғанын байқамай қалған. Тапаншаны бос оқсыз атқаннан кейін қысым артына түсіп, тіреуіш шын оқтың жылдамдығымен актердің омыртқасында тұрып қалады. Осы оқиғадан бір күн өтер өтпес ол 28 жасында көз жұмады. Актер соңғы көріністерді түсіру кезінде қайтыс болды. Фильмның түсірілімі аяқталып прокатқа түсті. Брэндон Лидің "сахналық" өмірінің соңғы минуттарын дублер ойнайды. Кіші Сергей Бодров тобы (2002) Кіші Сергей Бодров бастаған 27 адамнан тұратын түсірілім тобы Кавказ тауынан құлаған мұзбен селдің астында көміліп қалған. Біраз уақытқа дейін олар ақын маңдағы туннелге тығылып аман қылыпты деген сыбыс тарады. Бірақ, іздеу жұмыстары нәтижесіз аяқталады. Фильмның барлық мүшесі қаза болған. 2002 жылға дейін созылған іздестіру жұмыстарында Сергей Бодровтан бастан көптеген адамның денесі табылмаған. Кино әлемі сіз ойлағандай оңай емес. Ал, түсірілім алаңындағы қызықты сәттерді алдыңғы постта жазған болатынбыз.