Мәйіттің екі саусағын ұрлап алған жігіт сотталып кетті
Ол көрмеге 11 мың АҚШ доллар өтемақы төлемекші
Жаңа Зеландия тұрғыны адам ағзасы қойылған көрмеден екі саусақ ұрлап кеткен деп New Zealand Herald сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ хабарлайды. 28 жастағы еркек 18 маусым күні Окленд сотының алдында жауап берді. Ол адам ағзасына зиян келтіді және ұрлады деген айыппен жазалануда. Экпонатқа келтірілген зиян 11 мың АҚШ долларын құрады. Соттың мәлімдеуінше жігіт саусақтарды 4 маусым күні ұрлаған, біріқ қазір көрме басшыларына қайтадан берген. Body Worlds Vital — 1997 жылы Анджелина Уалли и Гюнтером фон Хагенстің бастауымен құрылған. Окленд қаласында алғаш рет өтіп жатыр. Көрмеге адам сүйегі мен ағзасы қойылған. Осы уақытқа дейін көрмеге 45 миллионға жуық адам қатысқан.