Дисней «Один дома» фильмін қайта түсірмекші
Disney компаниясы Disney + жаңа ағындық қызметі үшін 90-шы жылдардағы "Үйде жалғыз қалғанда" фильмін қайта түсіруге дайындалып жатқанын хабарлады (ол АҚШ-та қараша айында басталады). BBC хабарлауынша, студияның жетекшісі Боб Игер компания «Музейдегі түн» фильмін де қайта түсіретінін айтты. Дисней 20th Century Fox сатып алғаннан кейін “Один дома"- да франшиза алғанын естеріңізде болар. Фильмнің ремейкінде қай актерлер ойнайтыны және сюжеттің қандай болатындығы әлі белгісіз. Бірақ Диснейде олар фильмді заманауи түрде қайта ойластыруға уәде берді. Маколей Калкин басты рөлді сомдаған «Один дома» фильмі 1990 жылы жарыққа шықты және әлі де әйгілі жаңа жылдық фильм болып саналады.