Трендте болу үшін не істемейсің. Күніне салынып жатқан жүздеген миллион фото. Олардың көпшілігі бірдей және бір-біріне ұқсайды. Бұл адамдарды жалықтыра бастады. Олардың саны соншалықты көптігінен, статистика қызметкерлері жеке деректер базасын құрауы мүмкін. Ал, психологтар талдау жасайтын фото қалмаған сияқты. Өйткені, біреудің іс-әрекетін қайталаған адамның өзіндік ойын ол суретте көре алмасы анық.
Біз әлеуметтік желілердегі суретке түсу әдісіне қарап, суреттердің ең танымал түрлерін жинадық.
1. Есіңізде болсын: желідегі жаттығудың ең тиімді түрі — бұл селфи-кардио. Барлығы 45 минут - нәтиже айқын 2. Жазылушыларға душқа түскеніңізді қалай білдіртуге болады? Әрине, ванна толы суды көпіршіктеніп аяғыңызбен ішкен сусынның суреті түсіндіреді. Бүгін сізде релакс. 3. Бетке Стикер-дилемманың тамаша шешімі: суретіңді саласың бірақ бетін стикермен жабасың. Көбіне кішкентай сәбилерді салғанда пайдаланады. Бұл әдіс қазір адамдарды жалықтырған суреттер тізімінде. 4. Барлығымыз өз әлемінде әлі кішкентайй бала сезінеді. Бетіңізге түрлі мультфильм кейіпкерлерінің бейн қойып суретке түсу сол сезімді күшейткендей болады. Алайда, адамдарды жалықтырып жібергеніңізді ұмытпаңыз. 5. Қыздар үнемі асүйде дайындаған тағамдарын салудан жалықпайды. Сәтті шықса мақтанып, сәтсіз шықса да мақтанып сау қазіргі трендке айналды. 6. Қыздар қауымы маникюр жасатқаннан кейін міндетті түрде осындай уреттер салады. Мына суретте қыздардың назары тырнаққа, жігіттің назары машина логотипіне ауатыны анық. 7. "Гүлмен сурет". Басты тақырып гүлмен сурет. Бірақ, ол гүл кімнің гүлі? кім берді? маңызды емес. Құрбысына келген гүлмен суретке түсіп салып қоятындар ар. Барлық оқырманы гүлдің оған тиесілі емес екенін білседе лайк басуды ұмыт қалдырмайды. Осы суреттегідей гүл алған қыз суретте міндетті түрде камераға қарамайды. 8. Мұндай сурет жаз айларында көбейеді. Ұшақ билетімен сурет өзінің атақтылығын жоғалтпайды. Барлық адам сіздің әуеде қалықтағаныңыды білу керек. Олсыз болмайды. Билетпен сурет салуды парызы санайтын адамдар аз емес. 9. Спортты сүйетіндер. Спортпен айналысу денсаулық кепілі. Оны өзгелерге көрсетіп мақтану мидың тынышталуына септігін тигізеді. Көп жол жүгірмесе де өзгеден көшіріп алу қиын емес. Өйткені, қазіргі таңда мұндай суреттер өте көп. 10. Кеңседе отырып шашылған қағаздармен кофенің суреті үйлесім табады. Кофенің қаптамасын фонның артына қойып қойсаңызда болады. Сіздің қандай өнімді пайдаланғаныңыздан хабар береді. Үнемі фразалармен, өмірге деген өкпе немесе психологиялық әңгіме жазатын достарыңызда аз емес болар. Ал, сізді жоғарыдағы суреттерден бөлек мезі еткен тақырып бар ма? Айта отырыңыз.
Келесі мақала