8 лайфхак: Киімді сірке суымен үтіктеңіз
Егер сіз эконом жасауды жақсы көрсеңіз сізге бұл кеңеңс пайдалы екеніне сенімдіміз.
Интернет адам түсініп болмайтын ЛайфХак жариялаудан шаршамайды. Олар уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір қарағанда миға қонымсыз көрінетін кеңестер бар, бірақ жақсы жұмыс істейді. Сіз бір кездері унитазды еритін сусынмен тазалау оңай екенін елестете аласыз, ал киімді сірке суы арқылы үтіктеуге болады ма? Біз KYN.KZ өміріңізді керемет жеңілдететін идеялар іздеп таптық. Міне, біздің еңбектеріміздің нәтижесі — үйді тез тазалауға арналған жаңа лайфхактар. 1. Жуу құралының шығынын азайтатын Лайфхак Үй тазалау уақытында тазалау сұйықтығы таусылып қалса проблема емес. Ыдыс жуғыш губканы ортасынан кішкене тіліп, ішіне үккіштен өткен сабынды салып қойсаңыз болғаны. Жақсы көбіктенеді, нәтижелі тазалайды. Толығырақ осы сілтеме арқылы біле аласыз. 2. Еритін сусын әжетханаңызды арнайы сұйықтықтан кем тазаламайды. Еритін сусындардың құрамына лимон қышқылы-тамаша табиғи тазартқыш кіреді. Қазақстандағы танымал түрі Yupi. Кішкентайымызда барлығымыз пайдаланған болармын. Бағасы бар болғаны 150 теңге. Бұл әдіс ванна бөлмесіндегі тазалау жұмыстары үшін қолайлы. 3. Мицелляр Суы кроссовканың табанын ағартады Бұл косметикалық өнім ескі кедалар мен былғары аяқ киімдерді "жаңалауға" көмектесе алады. Мақта тампонына аздап сұйықтық жағыңыз, лас, қарайған аймақты сүртіңіз және сумен шайыңыз. Бар болғаны осы. 4. Ас үй тақтайларын ағартыңыз және дезинфекциялаңыз Келесі ингредиенттерді араластырыңыз: 3-4 ас қасық ас содасы, 1 ас қасық ыдыс жуу құралы және 1-2 ас қасық сутегі тотығы. Тіс тазалау пастасын тақтай бетіне жағып, бірнеше сағат күтіңіз (түнде қалдыруға болады). Содан соң, сумен жақсылап шайыңыз. Тақтайшаңыз тазарды. 5. Тіс пастасы таблеткаларды алмастырады Унитаз бачкасына арналған қымбат таблеткалардың орнына тіс пастасын пайдалануға болады. Бір қорап 3 айға жетеді. Енді сіздің дәретханада жалбыз иісі болады, ал пастадағы соданың ағартқыш әсері бар. Тек тюбикте тесік жасаңыз және оны бөшкеге салыңыз. Бар болғаны осылай әжетхана иісін жоя аласыз. 6. Киімді тегістейтін спрей үтіктен нашар емес 1 шай қасық.шашқа арналған кондиционер, 1 ас қасық сірке суы және 2 стакан су. Киімге шашып, қолмен қыртысын жазып, толық кебуді күтіңіз. Тәсілдің егжей-тегжейлі сипаттамасын осы жерден көруге болады. 7. Шегелердің тесіктері сабынның кесегімен бүркуге болады Ақ сабынның бір бөлігін алып, айналмалы қимылдармен қажетті аймақты сүртіңіз. Шегелердің іздері көрінбейді. Мұнда фото және толық сипаттама көп.ала аласыз. 8. Шашқа арналған лак пен резеңке қолғаптар қылдан құтылуға көмектеседі Резеңке қолғапқа сәл лак жағып, диванға, креслоларға және кілемдерге өтіңіз — бір сөзбен, үй жануарларының жүнін жою қиын жерлерге. Лак өзіне барлық шашты жабыстырып алады.