Сәнді киінетіндердің ерсі көрінетін 5 қателігі
https://www.instagram.com/p/BtThCgAgGtT/?utm_source=ig_embed Үнемі жабырқаған түсті киім кисеңіз классик көрінемін деген ойдан арылыңыз. "Осы түстің оңғаны білінбейді", "кір көтереді" деген ойдан аулақ болыңыз. Әсіресе, қыс мезгілінде қара күртеше киіп жүрген адамдар санының көп болатынын білеміз. Бірақ, сіз олай жасамаңыз. Тек жарқырап жүріңіз. Ол айналадығы адамдарға да әсер етеді. 2. Тек кемшіліктерді байқау Қыздардан өзінің фигурасын сипаттауды сұраса,ол босаңсыған теріні, бүйірдегі қатпарларды, артық салмақ, тым көлемді жамбасын есіне түсіреді. Біз кемшіліктерді шебер жасыра аламыз: ақ түс - толық етіп көрсетеді, қара - артық салмақты жасырып тұрады, ал тік жолақ визуалды созылатынын білеміз. Біздің әрқайсымызда сыртқы келбеттің күшті жақтары бар. Оларды сауатты атап өтіп, ұсақ кемшіліктерден көңіл бөлуге болады. Мысалы, егер фигураның түрі — алмұрт болса, дененің жоғарғы бөлігін көрсететін киімді таңдаңыз. 3. Сатып аласың, бірақ, кимейсің Әйелдер үшін киім сатып алудың мың себебі бар: үлкен жеңілдіктер, арықтауға ынталандыру үшін, құрбылармен бірдей киіну керек, көтеріңкі (немесе, керісінше, бұлтты) көңіл-күй. Мұндай сатып алудың көбі шкафта шаңды қалады. Сатып алу үшін бір ғана себеп болуы мүмкін: киім ұнайды және бізге қолайлы. Сіз білесіз бе, не нәрсе киюге болады? Ол күніге киіп жүруге сай ма? 4. Сәнді қатаң қадағалау https://www.instagram.com/p/BppW5k7BpdC/?utm_source=ig_embed Сән - құрбандықты, ақшаны талап етеді. Бірақ, қолың жетіп алған дүниең ертең сәннен кетіп қалуы мүмкін. Трендте болуда тұрған жаман ештеңе жоқ. Бірақ ультрамодтардың қатарына заттардың аз бөлігі ғана түссін. Гардеробтың негізгі бөлігі бізді басқалардан ерекшеленетін жеке стильдің көрінісі болуы тиіс. 5. Тым ашық киіну Шағын юбка ботфорттар мен ашық кофта, ультра жіңішке маталар-мұның бәрі тіпті таң қалдырмайды. Ол тек сізді "жеңіл жүрісті" етіп көрсетеді.