Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Блогердің кеңесімен жұмыртқа пісіріп жеген қыз соқыр болып қалды

Блогердің кеңесімен жұмыртқа пісіріп жеген қыз соқыр болып қалды
ашық дереккөз
Бойжеткен таңғы асқа жұмыртқа пісіріп, адам шошырлық жағдайға тап болды
Англяда тұратын Бетани Россер  есімді қыз жұмыртқаны тез әрі дәмді пісіру үшін блогердің кеңесіне құлақ асқан. Реддитч қаласы тұрғыны қысқа толқынды пешке жұмыртқа пісіріп жемекші болған. 6 тамызда 22 жастағы Бетани Россер жұмыртқаны тұзды суға араластырып, қысқа толқынды пешке алты минутқа қойған. Ғаламтордағы фудблогер оған сегіз минутқа қоюға кеңес берген екен. Қыз жұмыртқаның қалай піскенін байқау үшін пештен алып, дәмін көрген. Сол кезде бірден жарылып атылған жұмыртқа бойжеткеннің бетіне тиген. Ол дереу жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер келгенше бетін мұздай суға жуады.
 Дәрігерлер қажетті емді жасағаннан кейін қыздың жұмыртқа тиген оң көзі ашылған. Бірақ көзі бұлдырап ештеңені көрмей қалыпты. Мамандар жұмыртқаны қандай күйде болса да қысқа толқынды пешке пісіру өте қауіпті екенін талай мәрте айтқан. Тек фудблогерлер өз кеңестеріне осы бір әдісті жиі қосады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар