Басты жаңалықтар

Немерелер шаршатты: Ұлына әйелді жүкті қылып алмауды ашық үйреткен апаға ел шүйлікті (видео)

Анасы: Келін жылда туып шаршатты. Адам жүкті болмаудың жолын білмесе осылай үйретуге тура келеді.

Желіде анасы мен ұлының әңгімесіне құралған видео жарыққа шықты. Онда әйел өз ұлына әйелінің аяғы ауыр болып қалмаудың жолын ашық айтады. Созінше апа екі немересін бағып шаршаған. "Кезінде біздер дауысымызды шығармастан бала таптық қой. Сендер дауыс шығару дегенді қойыңдар. Болмаса бөлек шығып кетіңдер",-дейді анасының рөліндегі әйел.  

Көпшілік түсірілген осы видеоға қатысты өз реніштерін білдіріп жатты. Видеоның авторы Динара есімді ақтөбелік келіншек. Ол бұл видеода ұлының рөлін күйеуіне ойнатқан. "Атың шықпаса жер өоте деген осы. Ұят емес пе? Мынау әзіл емес, барып тұрған сорақылық", "Мұнымен не айтқыңыз келді? Басқа вайнерлерден өзгеше болғыңыз келгені осы ма?" деген сынды пікірлер көптеп жазылған. Ал Динараның өзі болса елдің сынына қатысты өз жауабын комментарияға жазып қойған. "Енем түсірген видеоларымызды көреді. Бұл шынайы өмір. Онда тұрған не бар екен?",-деп жазды.