Желіде анасы мен ұлының әңгімесіне құралған видео жарыққа шықты. Онда әйел өз ұлына әйелінің аяғы ауыр болып қалмаудың жолын ашық айтады. Созінше апа екі немересін бағып шаршаған.
«Кезінде біздер дауысымызды шығармастан бала таптық қой. Сендер дауыс шығару дегенді қойыңдар. Болмаса бөлек шығып кетіңдер»,-дейді анасының рөліндегі әйел.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көпшілік түсірілген осы видеоға қатысты өз реніштерін білдіріп жатты. Видеоның авторы Динара есімді ақтөбелік келіншек. Ол бұл видеода ұлының рөлін күйеуіне ойнатқан.
«Атың шықпаса жер өоте деген осы. Ұят емес пе? Мынау әзіл емес, барып тұрған сорақылық», «Мұнымен не айтқыңыз келді? Басқа вайнерлерден өзгеше болғыңыз келгені осы ма?» деген сынды пікірлер көптеп жазылған.
Ал Динараның өзі болса елдің сынына қатысты өз жауабын комментарияға жазып қойған.
«Енем түсірген видеоларымызды көреді. Бұл шынайы өмір. Онда тұрған не бар екен?»,-деп жазды.