Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қытайда сабақ берген ұстазы Тоқаевтың қандай студент болғанын айтты (видео)

Қытайда сабақ берген ұстазы Тоқаевтың қандай студент болғанын айтты (видео)
ашық дереккөз
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжің лингвистикалық университетінде оқыған кезіндегі суреттерімен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жас кезінде, Лю Шицинь. Кадрлар видеодан алынды
Фотосуреттер 1983 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтуі кезінде түсірілген.

"Универстит мұғалімі Лю Шицинь бұл суреттерді жеке мұрағатында сақтап келген екен. Ол Қазақстан президенті жайында естеліктерімен бөлісті", – деп жазды Берік Уәли.

Видеода жаңалық тыңдау курсынан дәріс берген мұғалімнің сұхбатынан қысқаша үзінді көрсетілген. Ол Қазақстан президентінің университетте қалай оқығанын айтып берді.

"Көпшіл, белсенді, тез арада үздік білім алушылардың бірі болды. Оған газет оқыған ұнайтын, өзінің көзқарасын ашық жеткізетін. Білімді және өте әдепті. Осы қасиеттерінің арқасында ол осындай жетістіктерге жетіп отыр", – дейді мұғалім.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Бұл роликте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтіп жүрген кезде түсірілген сирек фотосуреттері ұсынылған. Университет оқытушысы Лю Шицинь өзінің жеке мұрағатында сақталған бірегей фотосуреттермен бөлісіпті. -—————- На этом видео представлены редкие фотографии Главы государства Касым-Жомарта Токаева, которые были сделаны в 1983 году, когда он проходил языковую стажировку в Пекинском лингвистическом университете. Уникальные снимки в своем личном архиве сохранил преподаватель университета Лю Шицинь, который делится со зрителями своими воспоминаниями.

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар