Әлемнің жиіркенішті 10 тағамы
Дүние жүзінде жемек былай тұрсын атын естігенде денеңіз тітіркенетін ас мәзірлері де бар. Ендеше әлемнің ерекше тағамдары.
Қытайдың оңтүстігінде дайындалатын бұл дәстүрлі сорпаға сарышаян қосылады екен. Пісіріліп жатқанда уынан айырылған сарышаян сорпасын жәй ғана қараудың өзі кейбір адамдар үшін соның өзі жиіркендіреді. Сонымен қатар, Қытайдағы көшелерде қуырылған сарышаян тағамдары да атақты екен. Балют Балют - ұрықтандырылған үйректің жұмыртқасынан жасалған ерекше тағам. Басқаша айтқанда, жұмыртқа ішіндегі тірі үйректің балапанын сол күйінде қайнатып ұсынады. Осы 17 күндік жұмыртқадан дайындалатын бұл тағамды Филиппинге барғанда кездестіріп қалуыңыз мүмкін. Касу марцу Тірі шыбынмен, құрттармен толтырылған қышқыл қойдың ірімшігі - өте қатты және хош иісті дәмі бар. Италияның таңдаулы мейрамханаларында ас мәзірінде ұсынылады. Дуриан Оңтүстік-Шығыс Азияда өсіп келе жатқан бұл жеміс теңіз кірпісіне ұқсас. Сары түсі оны дәмді етіп көрсеткенімен де, иісіне адам шыдап болмайды, тіпті дурианмен әуежайға кіруге тыйым салынған. Бұл жеміс кәріз, шіріген ет немесе лас шұлық сияқты иісі бар. Бұл Қытайдың жаман иісті тағамдардың бірі ғана. Тарантула Тарантула, үлкен, қылшық аяқты және улы өрмекші, Камбоджаның асxаналарында қуырылып дайындалатын тағам түрі. Сонымен қатар, дәмнің ерекшелігі туралы айтатындарда жеткілікті. Сарымсақ пен ащы тұздыққа малынып және ыстық майға қуырылған тарантуланың әдетте тек қолдары мен үстіңгі денесі ғана желінеді. Татымды қышқыл соустар мен қызыл бұрыш қосылып ұсынылады. Жүзжылдық жұмыртқа Миллениум жұмыртқалары деп те аталатын үйрек немесе тауық жұмыртқалары күл, балшықтан және тұздан жасалған арнайы қоспаның арасында айлар бойы сақталады. Уақыт өткеннен кейін жұмыртқаның сыртындағы ағы қоңыр түске айналады және ішіндегі сарысы жасыл түске боялады. Қытайда сүйікті тағамдарының бірі болып саналады. Эскамол Бұл қара құмырсқа жұмыртқасынан дайындалған тағамның дәмі ешкі ірімшігіне ұқсайды деп айтылады. Мексикада осы тағамды сатып алушылар өте көп. Саннакчи Корей асxанасының тағамы саннакчи. Тірдей желінетін бұл тағамды пісіріпте жатпайды. Оларды, түрлі жәндік тұқымдкстарын соустар мен спагетти тәрізді таяқшаларға орап жей береді. Әсіресе Оңтүстік Кореяда туристер оны қызықтап және бұл тамақтың дәмін көруге жүрексінбейді. Cicada Бұл тағам қуырылып неме қайнатылып дайындалады. Дәмі картопқа ұқсайды. Қытайдың атақты тағамдарының бірі. Бұл жәндікті протеинге бай деп тағам ретінде пайдаланады.