Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Феррари 13 жасында көлік жүргізіп үйренген: Феррари жайлы сіз білмейтін ақпарат

22.08.2019
0
Феррари  13 жасында көлік жүргізіп үйренген: Феррари жайлы сіз білмейтін ақпарат
1. Энцо Феррари 1898 жылы 18 ақпанда Модена қаласының маңында дүниеге келген. Оның атасы көкөніс сатумен айналысқан, ал әкесі Альфредо жергілікті теміржол шеберханасында тегістеуші боп жұмыс істеген екен.
2. Энцо алғаш рет 10 жасында көлік жарысына көңілі ауған, ал 13 жасында көлік жүргізіп үйренген. Бірінші Дүниежүзілік Соғысқа мүгедектігіне байланысты жіберілмеген. Ал, әкесі мен туған ағасы соғыста қаза тапқан.
3. 1920 жылы көлік жарысына Alfa Romeo тобының жарысушысы боп қатысып, Targa Florio атты көлік жарысында екінші орынды иемденеді. 1929 Alfa тобынан кетеді.
4. Ферраридің Альфа үшін жасаған жаңалығы бір орынды Bimotore деп аталатын жарыс машинасы еді. Оның алдыңғы және артқы жағында да қос қозғалтқышы бар болатын. Бұл жарыс көлігі жүйрік болғанымен, мүлдем басқарылмайтын еді.
Феррари  13 жасында көлік жүргізіп үйренген: Феррари жайлы сіз білмейтін ақпарат
5. 1940 жылы Энцоның Auto Avio Construzione атты жеке компаниясы Фиат негізінде жарыс көлігін жасап шығарады. Сол жылы Mille Miglia жарысында Альберто Аскари осы көлікпен қатысып, алғашқы боп келе жатып, қозғалтқышы жарылған. Бұны Фиат негізіндегі бөлшектердің әсерінен кеткен қателік деп тапқан.
6. Ferrari-дің алғашқы көлігі — 1947 жылғы Tipo 125 көлігі еді. Оның V12 қозғалтқышын Джаочино Колумбо құрастырған екен, ал көліктің өзі Маранелло қаласында құрастырылған.
7. Ferrari-дің алғашқы жеңісін Римде өткен Caracalla көлік жарысында көреді. Көлікті Франко Кортесе басқарған екен.
8. 1949 жылы Ferrari өзінің Гран-При жүлдесін Швейцарияда өткен байқауда атап өтеді. Бұл байқауда компрессорлық Ferrari 125 көлігін басқарған Альберто Аскари еді.
9. Феррари өзіндік жеке қасиетін қалыптастырды: 1950 жылдардың ортасында ол үнемі күннен қорғайтын көзілдірік киіп жүретін болған, тіпті, ғимараттың ішінде де.10. Ferrari көлігінің логотибі неге атпен байланыстырылған? Барон әйелі Баракка ат бейнеленген логотипті Феррариге сыйға тартқан екен. Оның ұлы әуе шайқасының шебері болған. Бірінші Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан ұлы осы ақ түсті фонға бейнеленген атты өзінің ұшқыш белгісі ретінде есептеген.
11. Энцоның анасы Адальгиза мен оның жары Лаура бір-бірін аса ұната қоймапты, бұл жағдайға қарамастан, Энцо Моденадан үлкен сәні мен салтанаты жарасқан сарай сатып алып, анасы мен жарын бір шаңырақ астына қосқан. Анасы Адальгиза 1965 жылы піскен жұмыртқаға түйіліп, қаза тапқан.
12. Ford 1963 жылы 18 миллион АҚШ долларына Ferrari-ді сатып алмақшы болады, Энцо бұған қарсы болады, себебі Энцо америкалықтардың көлік жарысын басқарғанын қаламаған. Дегенмен Форд GT40 атты жарыс көлігін жасаған.
13. 1950 жылдардың ортасынан бастап, Ferrari Pininfarina атты көлік дизайнын құрастыратын италиялық фирмамен бірігіп, жұмыс істей бастайды. Осы уақытта аталған фирманың бастығы Серджио Пининфарина Ferrari комнапиясының 1%-ын ғана иемденген.
Феррари  13 жасында көлік жүргізіп үйренген: Феррари жайлы сіз білмейтін ақпарат
14. 1976 жылғы Ferrari 400GT— Ferrari-дің берілістер қорабы автоматты түрде жүзеге асатын алғашқы көлігі.
15. 1980 жылы төрт есікті Ferrari көлігін шығару жоспарланған. Pininfarina ұсынған Pinin үлгісі көпшілікке ұнағанмен, Энцо бұл үлгіге қарсы болып, шығарылуына тоқтау салады.
16. 1987 жылы Ferrari көлігінің 40 жылдық мерейтойына арналған F40 көілігі Ұлыбританиядағы ең қымбат көлік ретінде есептелген. Оның құны – 193 299 фунт стерлингті құраған.
17. 1988 жылы 14 тамыздың таңында Энцо Феррари 90 жасында дүниеден озады.
18. 1989 жылы Ferrari Формулы 1 байқауына арнап Ferrari Tipo 640 көлігін жасайды, оның ерекшелігі – жартылай автоматтандырылған қораппен басқарылады, оған қоса, шапшаңдық тұтқышын басқа жылдамдыққа ауыстыратын құрылғысы көлік тұтқасының жанына орнатылған. Бразилияда өткен көлік жарысында осы көлікпен Найджел Мэнселл Гран-При жүлдесін иемденген.
19. Ferrari үлгілері атауларының да өзіндік тарихы мен сыры бар. Алғашқы Ferrari Tipo 125 үлгісінің атауындағы 125 саны көлік моторының цилиндрінің көлемі 125 куб.см-ге тең. Бірақ Ferrari Dino үлгісінен бастап, 2,4 литрлі 6 цилиндр деген мағынаны білдіретін 246 Dino атты көліктер шығарыла бастады.
20. Ferrari каталогіндегі көліктің ең қымбат бөлшегі – 599GTB Fiorano үлгісіне арналған қозғалтқышы. Оның құны, шамамен, 70 000 АҚШ долларын құраса керек.
21. Феррари ең қымбат автокөліктердің тізімінде. Оны біздің сайттан көре аласыз.
Бөлісу16Твит10
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3934 бөлісу
    Бөлісу 1574 Твит 984
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4845 бөлісу
    Бөлісу 1938 Твит 1211
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2133 бөлісу
    Бөлісу 853 Твит 533
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1719 бөлісу
    Бөлісу 688 Твит 430
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1592 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1477 бөлісу
    Бөлісу 591 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2127 бөлісу
    Бөлісу 851 Твит 532
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1301 бөлісу
    Бөлісу 520 Твит 325
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.