Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қолаң шашты Қыз Жібек болғыңыз келеді ме? Бізден кеңес

Орташа есеппен алғанда, шаш 1 айда 1-2 сантиметрге өседі. Бұл процесті қалай жылдамдатуға болады?

22.08.2019
0
Қолаң шашты Қыз Жібек болғыңыз келеді ме? Бізден кеңес

Ұзын шашқа ерекше күтім қажет. Шаш қатты ұзын болса, оған соғұрлым «құрылыс» материалдар қажет. Егер қоректік заттар жеткіліксіз болса, шашты өсіру қиынға түседі. Сонымен қатар, шаштың тез өсу қарқыны, бастың терісінің жағдайына да байланысты. Біздің кеңестерімізді орындасаныз, 1 айдын ішінде нәтижелер байқалады!

Шашқа арналған маска жасаңыз. Масканы аптасына 1-2 рет, фолликулаларды ынталандыру және шаштың өсу қарқынын жеделдету үшін қолданыңыз. Табиғи майлар маскасын өзіңіз жасаңыз немесе дәріханадан дайын маска сатып алыңыз. Бадам (миндальное), зәйтүн (оливковое), кокос және аргон майларын қолдануыңызға болады. Бұл майлар тек 3-4 сағаттан кейін ғана әсер етеді, сондықтан масканы ұйықтар алдында дайындаған дұрыс.

Басқа массаж жасау. Мұны істеу үшін табиғи майларды пайдаланыңыз. Бас терісінің массажы, терінің жағдайын жақсартады және шаштың өсуін ынталандырады. Басыңызды жуар алдында 1 сағат бойы массаж жасау керек. Массажды мойынның артынан бастап, біртіндеп шеке, тәжі және маңдайға көшіңіз.

Шашты алма сірке суымен (яблочный уксус) шайыңыз . Бұл бастаға кірлерді жоюға арналған тиімді құрал. Оны шампуньның орнына қолдаңуыңызға болады. Екі стақан суға, екі қасық сірке суын қосыңыз. Шашыңызды осы қоспамен шайыңыз

Шашты өсіруге арналған диета

Біздің сұлулығымыз, біздің жейтін тағамдарымызға байланысты. Ұзын, қалың және жылтыр шаш – бұл қатаң диета. Шашты өсіру үшін дұрыс тамақтану керек.

Ақуыз (белок) – шаш пен тырнақтың құрылыс материалы, мүмкіндігінше ет, балық, құс, жұмыртқа, ірімшік, бұршақ немесе жаңғақпен тамақтану қажет.

А витамині немесе ретинол. Ол – балық майы, бауыр, уылдырық, сүт, сары май, маргарин, қаймақ, ірімшік, және жұмыртқаның сарысында ірі мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ, бұл витамин сәбіз, қызыл бұрыш, жасыл пияз, асқабақ және қызанақта кездеседі.

Витамин С – бұл күшті антиоксидант, ол коллагенді өндіруде және қан тамырларының дұрыс қызмет атқаруына көмегін тигізеді. Цитрустық жемістер, қарақат, тәтті бұрыш және қарақұмықта көптеп кездеседі.

В тобындағы витаминдер, әсіресе В12 – жасушалардың өсуін және бөлінуін қамтамасыз етеді, олар шаштың өсуіне және терінің жаңартылуына тікелей көмегін тигізеді. Бұл витаминдер – сүт өнімдері, ашытқы, бұршақ, бауыр, жасыл көкөністер, теңіз өнімдері, майсыз ет, жұмыртқа, жаңғақ, және кептірілген жемістерде болады.

Май қышқылдары – коллаген мен кератин өндірісіне қатысатын элемент, шаштың қалыңдығына және терінің тегістігіне әсер етеді. Бұл затты біздің ағзамыз өндірмейді, ол тек қана ас арқылы келеді. Май қышқылдарының негізгі көзі болып табылатын күнбағыс және жүгері майына назарыңызды аударыңыз.

Бұл масканы 1 ай бойы аптасына 1 рет жасау керек. Дұрыс пайдаланған жағдайда шашты 15 см-ге дейін өсіруге мүмкіндік бар. Масканың жасалуы өте оңай, негізінде қыша (горчица) жатқандықтан, ол бас терісін қыздырып, шаштың түйінінде қан жүгіртеді.

Ол үшін:

2 ас қасық құрғақ қыша ұнтағын (дәмдеуіштер бөлімінде сатылады) ыстық сумен араластырамыз;

2 үлкен қасық ыстық су;

1 жұмыртқаның сарысы;

2 ас қасық зәйтүн майын (немесе кез келген косметикалық май) 2 шай қасық қант (қант көп қосқан сайын, қыша қыздыра түспек)

Осы қоспаны шаштың арасына, бастың терісіне жағыңыз, шаштардың түбіне тигізбеуге тырысыңыз, әсіресе құрғақ түптерге (тиімді әсер ету үшін шаштың құрғақ түптеріне ысытылған косметикалық май жақсаңыз болады). Басыңызды целлофанмен немесе пакетпен орап, үстінен орамал, не жылы бас киім киіп алыңыз.

15 минуттан 1 сағатқа дейін ұстау керек. Бәрі сіздің шыдамдылығыңызға байланысты, егер қызғанға шыдасаңыз, 1 сағатқа дейін ұстауға болады. Ал егер тіптен басыңыз «өртеніп» бара жатса, 15-20 минут ұстаңыз.

Назар аударыңыз! Бірінші рет жаққанда міндетті түрде 15 минут ұстау керек, тіптен шыдамай бара жатсаңыз да. 15 минутта басыңыздың терісіне де, шашыңызға да ештеңе болмайды (көп рет тексерілген), ал кейін үйренген соң жарты сағат, бір сағат отыра алатын боласыз. Масканы аптасына 1 рет, егер майлы шаш болса көп дегенде 2 рет жасау керек (терінің майлылығын сәл басады).

Масканы жылы сумен жуып, кейін сусабынмен шайыңыз. Жақсы әсер ету үшін кез келген бальзам қолдансаңыз болады немесе шаш өсіруді тездететін дайын бальзамдарды жағыңыз.

 

Бөлісу26Твит16
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.