Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айгерім  Сейфолла: Балаңызды қолыңыздан келгенше еркелетіп өсіріңізші

Айгерім  Сейфолла: Балаңызды қолыңыздан келгенше еркелетіп өсіріңізші
ашық дереккөз
Танымал журналист баланың бетін қақпай өсірсе тұлғаға болып қалыптасатынын ескертті
Танымал тележүргізуші еркелеп өскен бала ған тұлға болып қалыптаса алады деген пікірде. Оның сөзінше баланың барлығы туғаннан талантты, қабілетті болады. Өсе келе ересектерден көрген шеттету мен кемсітулердің кесірінен бойында ынжықтық пайда болады дейді. Осы ынжықтықтан кейін оның бойындағы бүкіл қасиеті мен дарыны ішінде өліп кетеді екен. «Бала қашанда бақытты болуы керек. Балалықтың бал дәмін,бар қызығын көріп өскен бала жаман болмайды деп ойлаймын. Сосын баланы өзгелердің баласымен салыстыруды, баланың арманына күле қарауды, оның ойымен санаспауды қоюымыз керек қой. Мысалы, біз әжеміздің қолында тұрдық, әженің көңілін табу үшін бар айтқанын екі етпей, ойынға көп мән бермей тез есейдік. Одан әкемнің туғандарының үйінде жатып оқыдық, қанша жерден жағдайың жасалса да өз үйіңдегідей еркін көсіліп жүре алмайсың ғой, бәрібір кісінің қабағына қарап жүресің.  width= Одан қалаға кеп тағы сол күйді кешесің. Осылай бой жетіп қалғаныңды бірақ білесің. Сосын тұрмысқа шығып, мүлдем бейтаныс ортаға түсесің, ол жерге бейімделу, отағасының көңілін табу, бала туу т.б жұмыстар көбейе береді , әйтеуір өзіңді емес өзгелерді ойлаумен уақытын зырылдап жатады қысқасы, айтқым келгені, балаларымызды, әсіресе қыздарымызды мейлінше еркелетейікші, көңілдеріне қаяу түсірмейікші, ешкіммен ешқашан салыстырмайықшы, жеке тұлға деп танып, қолдау көрсетейікші, қателессе бірден ұрса жөнелмей, тыңдап, жол сілтейікші, бұл өмір адам баласын қателестірмей тұрмайды ғой. Аналар қыздарына айтуға ұят санайтын тақырыптарда ұялмай сөйлесейікші, себебі, сырттан,интернеттен естігенше, ең жақын анасынан xабардар болғаны жақсы деп ойлаймын. Ең жақсы, ең дәмдіні қонаққа сақтай бермей, әуелі балаларымызға беру керек деп ойлаймын, қалған-құтқанды жеп өстік қой,жетер. Бұл баланы бетімен жіберу деген сөз емес, әр нәрсенің шегі барын саналы бала білетін болады. Айтпақшы, бұғанасы бекімеген балаға ауыр зат көтертпейміз, қара жұмысқа жекпейміз! Себебі, оның зардабын өскенде тартады, грыжа болады, сүйегі қисаяды, бойы өспейді, жатырына зақым келеді, т.б бірталай ауруларға тап болады.»,-деп жазды Айгерім Сейфолла. Сіз не ойлайсыз? Балаларыңызды қалай тәрбиелеп жатырсыз? Өзіңіз бала кезде еркіндік пен еркеліктің дәмін тата алдыңыз ба?
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар