Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Атырауда дәрігерлер нәрестені қасақана тоңазытқышқа салып өлтірді (видео)

Дәрігерлер алдымен сәбиді өлді деп жазып, артынша мағлұматты өшіре алмағандықтан осындай қылмысқа барған

06.10.2019
0
Атырауда дәрігерлер нәрестені қасақана тоңазытқышқа салып өлтірді (видео)

Атыраудағы облыстық перинаталдық ауруханада болған сұмдық оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты. Жемқорлыққа қарсы агенттік дәрігерлердің тірі туған сәбиді тоңазытқышта сақтап өлтіргенін айтты. Аталмыш іске қатысы бар ақ халаттылар қамауға алынды, деп жазды КТК арнасы.

Соңғы екі күннен бері ел назары Атыраудағы сұмдық оқиғаға ауып отыр. Облыстық перинаталдық ауруханадағы былыққа қатысты Жемқорлыққа қарсы агенттік пен Денсаулық сақтау министрлігі бір уақытта мәлімедеме жасап үлгерді.

Ақ халаттылардың бұлай істеуіне базадағы мәліметтерді өзгерте алмауы себеп болған. Осылайша қылмысын жасырмақ болған әріптестерінің ісін осы аурухананың бас дәрігері де қолдаған. Оңтүстік Кореядан «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып келген облыстық перинаталдық аурухананың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог қамауға алынды.

Шыңғыс Қабдула, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары: — Дәрігерлердің салғырттығынан тірі туылған шақалақ шетінеп кетті деп құжатқа жазылады. Кейін ақ халаттылар оның тірі екенін білгенде құтқарудың орнына ізін жасырып, баланы қасақана тоңазытқышта қалдырып өлтірген.

Күдіктілерге қатысты ҚК-тің 99-шы бабы яғни «Қасақана кісі өлтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева дәрігерлердің ісін жуып-шаюға тырысты.

Ләззат Ақтаева, Денсаулық сақтау вице-министрі: — Әрбір пациенттің өлімі оның туыстары үшін ғана емес, вицеминистр ретінде мен үшін де қайғылы оқиға. Сондықтан осы отбасыдан және баланың анасынан кешірім сұраймын. Бұл қасақана істелген қылмыс па, жоқ па, оны тергеу аяқталған соң білеміз. Бас дәрігер жаңа туған сәбидің өліміне қатысты деректі жасырмақ болған.

Ол үшін аймақтағы сот-медициналық сараптама институтының басшылығына жалған құжат жасап беруге өтініш айтады. Осы қызметі үшін 300 мың теңге ұсыныпты. Қуаныш Нысанбаев босануға келген келіншектерден ақша алып отырған деген де күдікке ілініп отыр. Толғатып келгендерге перзентханада «бар жағдайды жасаймын» деп уәде еткен.

Тергеушілер таққан айып мұнымен бітпейді. Перзентхана басшысы әріптестерінің шетелдік іс-сапарына бөлінген ақшаны да өз пайдасына жаратқан. Демеушілер бөлген бір жарым миллион теңгеге шетелде демалып келіпті.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановта сұмдық оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ол Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарасының басшысы Мәншүк Аймұрзиеваны дереу қызметінен алуды талап еті. Алайда Біртанов оны өз бұйрығымен орнынан кетіре амайды. Бұл Атырау облысының әкімінің құзіретіне жатады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ақхалаттылар алдымен баланы өлі туды деп барлық құжатты толтырып тастаған. Кейіннен оны өзгертпеу үшін тірі нәрестені қасақана тоңдырып өлтірген. Бұл тұжырым бүгін шықты. Қазір бас дәрігер мен оның көмекшілері қамауда отыр…

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz) 5 Окт 2019 в 11:42 PDT

Бөлісу13Твит8
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2079 бөлісу
    Бөлісу 832 Твит 520
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2111 бөлісу
    Бөлісу 844 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    856 бөлісу
    Бөлісу 342 Твит 214
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    809 бөлісу
    Бөлісу 324 Твит 202
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    746 бөлісу
    Бөлісу 298 Твит 187
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.