Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұсылман келіншек ерін бақытты ету үшін не істегені абзал?

Мұсылман келіншек ерін бақытты ету үшін не істегені абзал?
ашық дереккөз
Әйел адам бесаспап болмайынша ері, отбасы бақытты бола алмайды
"Көп жағдайда келіншектер сексолог маманның кеңесіне жүгінуге асықпайды.Шаруа шатқаяқтаған кезде. Күйеудің қылмыңдаған қыз-қырқынмен жазысқан хаттарын оқып, ұрысып-таласып, жанжалдасып, ажырасудың алдында тұрған кезде. Мұндайда барлық әйел бірдей сөйлейді, бірдей ойлайды. Бәрі құрбан күйінде. Бәрін дұрыс жасағандарына сенімді, қай жерден ағат кеттім деп дал. Отбасы жолында құрбан болғанын, ері үшін бәрін істегенін айтып ботадай боздайды.Ал оңбаған күйеу болса осындай еңбекқор, жақсы әйелдің көзіне шөп салады екен. Бұл қалай? ⠀ Ата-ененің, туған-туыстың разылығын алсаң, Алланың разылығына бөлену үшін барыңды салсаң - ерің де сенен разы болуына жеткілікті ме? Жоқ. Ер адамға ең алдымен асыл Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқандай, "ең жақсы жар - көзді қуантатын жар" керек. ⠀ Алба-жұлба, жүйкесі тозған, ширығып көкке шапшып жүретін, ә десең арс етететін әйел көзді қуанта ма? Қабағы қатулы, ерні жымқырулы, бүкіл денесін спазм қысқан жан жалпы сұлу көріне ала ма? ⠀ Көрген көзді қуантатын көркем әйел - ерінің жанына тыныштық сыйлайтын балбырған әйел. Тап-таза, жинақы, балауса жүзімен ынтықтыратын әйел. Көздері күлімдеген, өмірге риза, жұмсақ әйел. ⠀ Біздің келіншектер көп жағдайда өздерін отбасы үшін құрбан еттім деп ойлайды. Шын мәнінде отбасы жолында құрбан болу - жарыңмен қарым-қатынасың берік болу үшін барыңды салу. Ол жуылған ыдыс, пісірілген тамақ, жиылған үймен ғана өлшенбейді. Берік қатынас - үйлесімді, жарасымды қатынас. Ер мен әйел бір-бірін сөзсіз түсініп, бір-бірінсіз тұра алмайтын шынайы махаббат. ⠀ Күнделікті күйбеңмен жүріп бойыңыздағы ӘЙЕЛ табиғатын өлтіріп алмаңыз. Нәзік, әдемі, қылықты екеніңізді ұмытпаңыз. Ата-ененің көңілін табу, үйдің тіршілігін дөңгелету керек, бірақ өзіңізді кейінге ысырмаңыз. Бір күні еріңізге қызықсыз, қылықсыз, сүреңсіз салпыетекке айналудан сақтаныңыз. Осының бәрін көңілдес көзіңізге көрсеткенше жүрмей, одан бұрын қимылдаңыз",- дейді сексолог Алина Шадинова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар