Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Мұсылман келіншек ерін бақытты ету үшін не істегені абзал?

Әйел адам бесаспап болмайынша ері, отбасы бақытты бола алмайды

06.10.2019
0
Мұсылман келіншек ерін бақытты ету үшін не істегені абзал?

«Көп жағдайда келіншектер сексолог маманның кеңесіне жүгінуге асықпайды.Шаруа шатқаяқтаған кезде. Күйеудің қылмыңдаған қыз-қырқынмен жазысқан хаттарын оқып, ұрысып-таласып, жанжалдасып, ажырасудың алдында тұрған кезде.

Мұндайда барлық әйел бірдей сөйлейді, бірдей ойлайды. Бәрі құрбан күйінде. Бәрін дұрыс жасағандарына сенімді, қай жерден ағат кеттім деп дал. Отбасы жолында құрбан болғанын, ері үшін бәрін істегенін айтып ботадай боздайды.Ал оңбаған күйеу болса осындай еңбекқор, жақсы әйелдің көзіне шөп салады екен. Бұл қалай?
⠀
Ата-ененің, туған-туыстың разылығын алсаң, Алланың разылығына бөлену үшін барыңды салсаң — ерің де сенен разы болуына жеткілікті ме? Жоқ. Ер адамға ең алдымен асыл Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқандай, «ең жақсы жар — көзді қуантатын жар» керек.
⠀
Алба-жұлба, жүйкесі тозған, ширығып көкке шапшып жүретін, ә десең арс етететін әйел көзді қуанта ма? Қабағы қатулы, ерні жымқырулы, бүкіл денесін спазм қысқан жан жалпы сұлу көріне ала ма?
⠀
Көрген көзді қуантатын көркем әйел — ерінің жанына тыныштық сыйлайтын балбырған әйел. Тап-таза, жинақы, балауса жүзімен ынтықтыратын әйел. Көздері күлімдеген, өмірге риза, жұмсақ әйел.
⠀
Біздің келіншектер көп жағдайда өздерін отбасы үшін құрбан еттім деп ойлайды. Шын мәнінде отбасы жолында құрбан болу — жарыңмен қарым-қатынасың берік болу үшін барыңды салу. Ол жуылған ыдыс, пісірілген тамақ, жиылған үймен ғана өлшенбейді. Берік қатынас — үйлесімді, жарасымды қатынас. Ер мен әйел бір-бірін сөзсіз түсініп, бір-бірінсіз тұра алмайтын шынайы махаббат.
⠀
Күнделікті күйбеңмен жүріп бойыңыздағы ӘЙЕЛ табиғатын өлтіріп алмаңыз. Нәзік, әдемі, қылықты екеніңізді ұмытпаңыз. Ата-ененің көңілін табу, үйдің тіршілігін дөңгелету керек, бірақ өзіңізді кейінге ысырмаңыз. Бір күні еріңізге қызықсыз, қылықсыз, сүреңсіз салпыетекке айналудан сақтаныңыз. Осының бәрін көңілдес көзіңізге көрсеткенше жүрмей, одан бұрын қимылдаңыз»,- дейді сексолог Алина Шадинова.

Бөлісу25Твит16
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2085 бөлісу
    Бөлісу 834 Твит 521
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2113 бөлісу
    Бөлісу 845 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1192 бөлісу
    Бөлісу 477 Твит 298
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    859 бөлісу
    Бөлісу 344 Твит 215
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    811 бөлісу
    Бөлісу 324 Твит 203
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    753 бөлісу
    Бөлісу 301 Твит 188
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.