Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Дәрігерлері мас күйінде ота жасайтын Атыраудағы перзентханада 50 сәби шетінеді

Күдікке ілінген дәрігерлердің телефон әңгімелерін тыңдаған агенттік адам шошырлық жайттардың болғанын жария етті

13.10.2019
0
Дәрігерлері мас күйінде ота жасайтын Атыраудағы перзентханада 50 сәби шетінеді

Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы екі айда елуге жуық шақалақ шетінеп кеткен. Бүгін жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері атышулы перзентхананың осындай статистикасын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Осыған байланысты бала өлімі өршіп тұрған орталықтың босану бөлімшесі уақытша жабылатын болды.

«Перинаталдық орталықтың желдеткіш жүйесі соңғы бір жарым жылдан бері жұмыс істемеген. Соның салдарынан ауада шаң мен инфекция жиналған. Ақылдаса келе, осы жағдайлар орын алған босандыру бөлімшесін уақытша жабу туралы келісімге келдік.

Бұл перинаталдық орталық түгел жабылады деген сөз емес»,- деді Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Нығмеджан Сапаров

Аталмыш перзентханадағы төсек жапқыш пен жаялықтар арнайы орында емес, аулада жуылып кептірілген көрінеді. Қазір мамандар ол жерден сынама алып тексеруге кірісті. Ең сорақысы, дәрігерлердің мас күйінде ота жасап, сәбилерге зақым келтіргені анықталған.

Осы жайттардың бәрі бала мен ана өлімінің көбеюіне әсер еткен болуы мүмкін. Себебі, биыл 45 мың сәби дүниеге келсе, оның 442-сі өлі туылған. 432-сі жарық дүниені көре салып шетінеген. Ал бұл былықтардың әшкереленуіне себепкер болған сәби қазасына қатысты деректі жемқорлықпен күрескерлер ойда жоқта анықтаған.

Жемқорлыққа қатысты күдікке ілінген Қуаныш Нысанбаевтың телефонын тыңдау кезінде, баланың көзін жою туралы бұйрығын естіп қалыпты.

«Біз әңгімені естіген бойда сәбиді құтқарып қалу үшін шұғыл жеттік, бірақ үлгермедік. Перинаталдық орталық қызметкерлері ұзақ уақыт бойы есікті ашпады. Ал Қуаныш Нысанбаевты сағаттап іздеп, қаладағы сауналардың бірінен ұстадық.

Тергеу жұмыстарынан кейін сәбилердің жаппай өлімінің нақты себебі белгілі болады деп отырмыз»- деді Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Нығмеджан Сапаров.

Бөлісу9Твит6
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3909 бөлісу
    Бөлісу 1564 Твит 977
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4843 бөлісу
    Бөлісу 1937 Твит 1211
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2130 бөлісу
    Бөлісу 852 Твит 533
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1708 бөлісу
    Бөлісу 683 Твит 427
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1592 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1462 бөлісу
    Бөлісу 585 Твит 366
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2125 бөлісу
    Бөлісу 850 Твит 531
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1294 бөлісу
    Бөлісу 518 Твит 324
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.