Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Адамды бақытқа жеткізетін негізгі қағида

Шын мәнінде бақыт та, байлық та -жүректе

13.10.2019
0
Адамды бақытқа жеткізетін негізгі қағида

Елдің бәрі бақыт іздеп жүр. Солай ма? Мұны жазып отырған біз де, оқып отырған сіз де әйтеуір бақытты болғымыз келеді. Өміріміздің тыныш, тұрмысымыздың түзу болғанын қалаймыз.
Ал оны беретін кім? Бақыт кімнің қолында?

Мұның жауабын біз өткен жазбамызда айтып өткен едік.
Ал бүгін сол бақытқа жетудің қарапайым ғана қағидаларына тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.

БІРІНШІ: адамды бақытқа жеткізетін бір себеп — дүние ісінде өзіңнен төменге, ал дінде жоғарыға қарау.

Ғұламалар: «Кім бақытты болғысы келсе, дінде өзінен жоғарыға, ал дүниеде төменге қарасын» деген. Яғни ақша, байлық, атақ, даңқ секілді бұл дүниелік мәселелерге адам ешқашан тоймақ емес.
Жаяу жүрген кезіңде ең болмағанда велосипед алсам деп армандайсың. Велосипедке қол жеткізсең, енді бір көлік алсам дейсің. Көлік алғанда одан да қымбатына көзің түседі. Біреудің ақшасына қызығасың, біреудің қымбат мүлкіне тамсанасың. Біреудің үйі әдемі екен, екіншісінің киімдері қымбат екен.
Өстіп жүргенде өзіңе білінбей «Менде неге жоқ? Мен нағыз бағы ашылмаған сорлымын» деген ой ішіңде ақырын-ақырын тамырын жайып, өсе береді. Бір күні бүршігін жарғанда…
Сол кезде өз барыңды бағалай алмайтын халге түсесің. Сөйтесің де өз-өзіңнен жерініп, баз кешіп кетесің.
Ал мұның соңы…
Мұның соңы айтпаса да түсінікті.
Ашкөздік пен көрсеқызарлық адамды бақытты етпейтіні айдан анық.

Сондықтан!
Көлігің жоқ болса, аяғы жоқ адамдардың да ешкімнен қалыспай шат-шадыман өмір сүріп, бала-шағасын асырап отырғанын біл!
Жұмысың ұнамай жүрсе, жұмысқа шыға алмай төсек тартып жатқан жандардың да бар екенін есіңе түсір.

Ал содан кейін дінде өзіңнен жоғарыдағыларға, озып алға шыққандарға назар сал.
Мысалы, сен әлі намаз оқымайтын болсаң, досың намаз оқып жүр. Сен бір сүре білсең, көршің үш сүре жаттап алыпты. Сен ашуға беріліп, қатты сөйлеп қоятын болсаң, ағаң үнемі көркем мінез танытады.

Міне, соларға қызық, солардың дәрежесіне көтерілуге талпын.
Адам қызметте, кәсіпте өсуді қалағандай, иманының да күшеюіне мүдделі болуы керек.
Құрметті оқырман, бұл — адамды бақытқа қарай бастайтын ең бірінші қағида.

Бөлісу16Твит10
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3853 бөлісу
    Бөлісу 1541 Твит 963
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1684 бөлісу
    Бөлісу 674 Твит 421
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.