Басты жаңалықтар
Кілемге немесе паласқа лак, бояу төгілген кезде немен кетіруді біле жүріңіз (видео)
- автор kyn.kz
- 25 қазан, 2019
- 886
Мұндай келеңсіз жағдай балалы отбасыларда жиі кездесіп тұрады
Кілем немесе алашаға лак және сол сияқты бояу төгілген жағдайда кез-келген ананың абдырап қалатыны рас. Осы орайда KYN.KZ ақпарат агенттігі назарларыңызға мәселені шешудің ең оңай жолын ұсынады.
Кілемге төгілген немес жағылған тырнаққа арналған бояуды кетіру үшін әдеттегі лак өшіретін құралды пайдаланудың еш қажеті жоқ. Себебі, ол бояуды өшірмейді кеоісінше жайып тастайды.
Мұндайда ең пайдалы дүние жуыну бөлмесі мен үй әжетханасын тазалауға қолданылатын сұйықтық екен. Тек сұйықтықты құйғаннан кейін ұзақ сүртіп, ұзақ жуу керек.
Назарларыңызға видеоны ұсынамыз. Әсіресе балалы аналар бояуды көрісімен баланы төмпештей жөнелместен, мәселені шешудің жолын іздеген дұрыс. Себебі әр мәселені шешудің жоқ дегенде үш жолы болады екен. Ал ізденіп қараса кез-келген мәселені шешудің оннан астам жолын табуға болады екен.
Посмотреть эту публикацию в InstagramКімнің үйінде лакқа құмар еркетотай бар, сондай келіншектерге керек кеңес.
Публикация от journalist mother (@leaders_mother)