Басты жаңалықтар

Аяқ пен қолдың үнемі мұздап, жылымауының өз себебі бар

Аяқ-қолы үнемі мұздап жүретін адамдар көп жағдайда шаршап, ештеңеге құлқы болмай жүреді.

Жазды күні жүн шұлықпен жүретін адамдар бар. Себебі ондай олар аяқтан өткен суықтан сүйектері қақсайтынын жиі сезеді. Бұл тек тоңғақтық емес. Аяқ пен қолы жылымайтын адамдардың денсаулығында кінәрат бар.

Бұл қаназдықтың белгісі болып саналады. Яғни ауаны "тасымалдайтын" қанның қызыл түйіршіктері жетіспейді. Ал қаназдық кезінде адам жұмыс істеу қабілеті төмендеп, физиологиялық және психологиялық дамуына кері әсер етеді. Егер қаназдықтан емделмесе, бұл созылмалы ауруға айналып кетуі мүмкін.

Қолдың үнемі "тастай" болып жүруі қанның құрамындағы қанттың төмендеп кеткенінің де белгісі болуы мүмкін. Егер де әлсіреп, үнемі шөл қысып, дәретханаға жиі бара берсеңіз, дәрігерге барып қант диабетіне тексеруін сұраңыз. Қолдарыңыздың суық болуы қан ұюының да белгісі болуы ықтимал, яғни артерия мен тамырлар қою қанның ұйып қалуы салдарынан бітеліп қалуынан саусақтарыңыз ауырып, әрең жылынады. Аяқ-қолдың сұп-суық болып жүруі Рейно атты қауіпті аурудың белгісі болуы мүмік. Ол ұсақ артериялардың зақымдануынан адамның қолдары көгеріп, мұздай болып жүреді. Сонымен қатар, суық қолдар қан айналымы мен қан қысымының дұрыс болмауының белгісі.