Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Индира Расылхан алғаш рет күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты (фото)

Әнші:Депрессияның көкесін көрдім. Жылау, өкініш, басты тасқа ұру менде болды.

28.11.2019
0
Индира Расылхан алғаш рет күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты (фото)
Әнші Индира Расылхан күйеуімен ажырасып жүрген жылдары көрген қиындығын ашық айтты. Оның сөзінше ажырасу мен отбасындағы түсініспеушіліктің барлығына өзі кінәлі. Халықты әнімен өзіне қаратқан әнші бұл жолы қазақ келіншектеріне өмірі сабақ болсын деген болар, бәрін ашық айтуға бекінген, деп жазды KYN.KZ.
«Әйелдің бақыты мен байлығы отбасында деп көп естідік, білеміз де,бірақ шыдам жетпей кететін кезде, қолды бір сілтеп, теріс бұрылып кететініміз де рас. Өздеріңіз өз аузыманан естігендеріңіз, соңғы 1,5 жылда отағасымен бірге еместігім еді.

Екеуміз екі жаққа кеткендегі мен үшін ең ауыр тигендігі, 15 жыл уақытымның босқа өткендігі деген ойдың мазалауы еді. Жолдасыммен өткен 15 жыл уақытымды, мен неге басқаша өмір сүрмедім деген ой мені күннен күнге қажытқаны өтірік емес. Деперссия, жылау, өкініш, басты тасқа соғу және т.б. Депрессияның көкесін бастан өткіздім.
8 ай бойына мен ешнәрсе жасамадым десем де болады. Күніге таңым атып, күнім батып жатты. Бала- шағамен әкелерінің хабарласып жатқанын да біліп жүрмін ғой, бірақ қу көкірек жібермей, оған көрсетпеудің амалымен сөйлеспеймін деген шешім болды.
Арада ұрыс-керіс болмаған соң, сөйлеспеудің де амалы жоқ екен. Арамызда достық орнағандай сезімде болып жүрдім. Сонымен не керек, не үшін бөлек кеттік, не үшін олай болды, сол сәтте мені қызықтырмады да. Себебі менікі өзім үшін дұрыс еді.

Алматыға барған сайын маманың (енемнің) үйіне барып, халін біліп тұрдым. Ол кісі де әйел адам ретінде маған түсініп- ақ қарайды- ау?! Бірақ ұлының хәлі мазасын алып жүргендігін жасырмады. Әр барған сайын, мәмілеге келуімізді өтінді. Мен арасында алдап қойып жүрдім. -Мама, уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, — деп.
Каникул сайын балдарды Алматыға әкеліп, мамаға көрсетіп те жүрдім.
Енді, ойлашы, өзің депрессиядасың, күйеуің сенен кешірім сұрамайды, барсың ба, жоқсың ба мән бермейді. Ол деген маған қатты ауыр тиді. Өзімше ішімнен сөйлеп қоям ғой, көкіректігін басқа біреуге көрсетсін деп. -Ай, әйелдер ай,- деп ішінен басын шайқап, талай айтқан болып тұр ғой иә?!
Сонда да ол кінәлі мен үшін. (ойым ғой әлгі жерде.

Бір күні, бұлай болмайды деп өзіме көптеген сұрақтар қоя бастадым. Жұмыс қалды жайына. Бала- шаға екі ортада алаңдап жүргенін көрсем де, білдірмеймін ғой әрине. Содан үлкен қызымның біреуі менің ойымның дұрыс еместігі жайлы бетіме айтып тастады. -Қалай болғанда да, мен папамдікі дұрыс деймін,- дейді. 
Ал оған жата қалып тағы да жылайын.
Не керек, психологияға солай жәймен келдім ғой. Әйелдің қалай болуы керек екендігін жәймен түсіне бастадым. Өзімнен кінә іздей бастадым. Алғашында мойындау қиын болды әрине, сосын өзімнен кеткен қателіктердің салдарынан туындаған жайсыздықты түсіндім.
Ол жайында алдыңғы посттарда жазған болатынмын. Балалық шағымның қалай өткені жайлы оқысаңыздар түсінесіздер.
Лидерлік қабілет басым болғаннан деп бір ауыз сөзбен түйіндей салайыншы.  Лидерлікке жолдасым таласып та көрген жоқ, бірақ іштей өзін жегендігін түсіндім.
Иә, ер адамның қабілетін өшіре салу біздің қолымыздан келеді, бір ауыз сөзіміз жеткілікті. Сол бір ауыз жаман сөз өшірсе, бір ауыз жақсы сөз алға ұмтылдыратыны сөзсіз. Бәлкім көп нәрсені саналы түрде жасаған да жоқ шығармын, бірақ менің бар кінәм, авариядан кейін оның әйелі емес, анасына айналып кеткендігім екен.
Арада алғашқы баланс солай бұзылды. Содан мен қорғаштап, ауыр көтермесін деп көп жұмысқа шықпауын қаладым, қорғаштау арқылы ұзақ отыратын жұмысқа жарамайтынын ойына сала бердім. Ал соңында , оны қорғаштау арқылы қорқынышты санасына орнатып берген екенмін.
Содан баланс быт- шыт болып бастады. Еркегін қимылдатпай бәріне өзі жүгіретін әйел, жәймен ер мінезділікке ауысады екен. Баяғы нәзік Индира жоқ, бұрынғы жылап аяушылық сезімді оятып алатын Индира жоғалған. Сөйтіп жүріп 15 жыл уақыт өтіп кетіпті. Аяғында кім жаман , Индира жаман болып шыға келдім.
Бір жақсы қасиетімді айтып қояйыншы, қанша өзімдікі дұрыс деп ойласам да, Асекеңмен ұрысып көрмеппін. Ол да маған ұрысып көрмепті. Себебі біз үшін әрқашан сыйластық маңызды болатын.
Әйелдік нәзіктікті, әйелдік орынымды білген сайын, енді неге ажырастым деген ой мазалай бастады. Оны энергия арқылы ол да сезген сияқты.
Жасырып жүрген өмірімді ел алдына шынайы сұхбат беріп, өзімді еркін сезінгендігім де бар. Себебі шынайылықты қабылдап, өзіңнің өмірің үшін, өзің ғана жауапты екендігіңді білгенде ғана ашылады екенсің. Сол интервьюдан соң көп ұзамай- ақ, Асекең мені кешкі асқа шақырды.
Маған да керегі сол еді, бірденен бірге болуымыз керек деп, бір ауыздан мәмілеге келдік»,- дейді әнші Индира расылхан.
Бөлісу28Твит17
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3847 бөлісу
    Бөлісу 1539 Твит 962
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1681 бөлісу
    Бөлісу 672 Твит 420
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1475 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1109 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 277
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.