Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ирактан әкелінген 14 баланың сөзі мен ойы көпшілікті шошытты

Балалар бейімдеу орталығына түскен кезде тек жылаумен болған

10.12.2019
0
Ирактан әкелінген 14 баланың сөзі  мен ойы көпшілікті шошытты

Елордада Ирактан әкелінген 14 баланың қайта бейімдеуден қалай өтіп жатқаны жайында KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме бере отырып хабарлайды.

Қыстың қандай болатынын білмейтін, есесіне, бомбаның қалай жарылғаны құлағында қалған балалар психолог, әлеуметтік қызметкер, педагог мамандардың көмегімен бейбіт қоғамға бейімделіп жатыр. Олар туыстарына табысталғанша карантинде болады.

Балалар арасында сыртқа шығып ойнайтыны болмаса, олар мұндай қыс мезгілін де көрмеген. Қоғамнан оқшау болатын себебі, қазір толық қайта бейімдеуден өтіп жатыр. Сол үшін оларды карантинде ұстайды. Бұл жаққа кірерде бізге де міндетті түрде медициналық бетперде кию керек. Алты ұл, сегіз қыз.

Ең кішкентайы бір жас он ай, үлкені 13-те. Алғаш келгенде бір-бірінен ажырамай, жылаумен болған кішкентайлар қазір бауырын жоғалтып алам деген қорқыныштан арылған. Тәрбиешілермен де еркін ойнай бастаған. Себебі айналасы тыныш, тамағы тоқ. Ойыншықтарды тіпті туғалы көрмеген. Тәрбиешілер де оларға ән шырқап, көбіне ашық түсті суреттер салуға баулиды.

Он үш жастағы ер баланың айтып отырғаны. «Бәйтеректі» де келгелі бері теледидардан көрген. Ал екі жастағы бала дүние есігін сол жақта ашқан. Тілі де толық шығып үлгермепті. Анасын түнде жатарда ғана іздейтіні болмаса, тәрбиеші апайына бауыр басып қалыпты. Қасынан бір елі қалмайды.

Балалар түрмеде аналарының қасында болғандықтан қанқұйлы соғысты көзбен көрмеген. Бірақ алыста атылып, жарылып жатқан дауыстар құлағында қалыпты. Мұның бәрін психологтар тест жүргізіп анықтаған.

«Руын білмейді екен, тегін біледі. Аты-жөнін, тегін, жасын – барлығын біледі. Сосын, бір жақсы жері, аналары отырған кезде үлкендерге әріп пен сан үйреткен. Мен сұрадым, онда қағаз да болған жоқ дейді, түрмеде отырғанда. Йогурттың қалбыры бар ғой, қаңылтыры, содан қаламсап жасап, жерге жазып, сан, әріпті біледі.»-дейді психолог Гүлжан Төлесова

Айта кетейік, Ирактан 14 бала қарашаның 27-сінен 28-іне қараған түні жеткізіліп еді. Аналары лаңкестік әрекеттерге қатысы болғаны үшін сол жақтағы абақтыда өмірлік жаза арқалап отыр. Балалар енді үш күннен кейін туыстарына беріле бастайды.

«Геномдық сараптамалар жасалды. Алдын ала жасалған сараптамадан кейін екінші қайтара туыстық қатынастары дәлелденді. Бір бала тұл жетім деген күдік болған. Бірақ бір әжесін таптық, биологиялық туыстығы анықталды.»- дейді, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер

Дегенмен араларында ағайынды төрт баланы туыстары қабылдаудан бас тартып отыр. Сондықтан олар бала асырап алғысы келетін отбасыларға немесе отбасы үлгісінде тәрбиелейтін мекемелерге берілуі мүмкін.

Бөлісу8Твит5
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3858 бөлісу
    Бөлісу 1543 Твит 965
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1687 бөлісу
    Бөлісу 675 Твит 422
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.