Басты жаңалықтар
Спиртті ішімдік ішіп мас болып қалған екі кірпіге алғашқы көмек көрсетілді
- автор kyn.kz
- 20 маусым, 2018
- 354
Олар ішімдіктің бөтелкесін жалап тауысып қойған
Германияның Эрфурт қаласында көліктен мас күйінде екі кірпі табылды. The Local журналынының хабарлауынша жануарлар төңкеріліп қалған бөтелкедегі ішімдікті ішіп тауысқан. Бұл туралы KYN.KZ хабарлайды.
Қызықты оқиғаны полиция қызметкерлері байқаған. Құқыз қорғау органдарының қызметкерлері тұрғынның қоуырауынан кейін келген.
Полиция қызметкерлері желідегі парақшасында кірпілерді «екі тікенекті алқаш», - деп жазды. Қазір жануарлар қауіпсіз жерге орналастырылды.
Полиция қызметкерлері: «Олардың кім екенін анықтау қиынға соқты, себебі айыпталушылар мас еді», - деп әзілдеді.
Бұдан бөлек прлиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға қоқыс тастау барысында мұқият болуды өтінді. Себебі тазалық сақталмаған жағдайда қоршаған орта мен қала тұрғындарына зиян келтіруі мүмкін