Қыста күш беретін азықтарды білесіз бе?
Бұл таіамдар көңіл-күйін көтеретіндігі дәлелденген
Қыста күн сәулесінің аздығынан ағзамыз әлсірейді. Оны толықтыруымыз үшін түрлі дәрумендерге бай тағамдармен азықтануымыз қажет. KYN.KZ сайты сізге қыста күш береін азықтарды ұсынады Картоп: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп ең қолжетімді тауарлардың бірі болып табылады. Картоптың құрамындағы кальций және калий біздің ағзамызда ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Өз кезегінде, магний жүректі нығайтады, оның арқасында біз кез келген күйзелісті бастан жақсы өткереміз, сондықтан картопты күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы балластық зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге және қызыл иекке пайдалы әсер етеді, сондай-ақ өсу процестеріне қатысады, сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, нашар көңіл-күйді болдырмайды. Балық пен сүт. Қыста күн сәулесінің аздығынан ағза әлсірейді. Оны толықтыратын Д дәрумені. Сондықтан балық пен сүт өнімдерін көбірек тұтынуымыз қажет. Балықта омега3 пайдалы қышқылы жүрек-қантамыр кеселімен ауыру қауіптілігін азайтады, мидың жұмысының белсенділігін жоғароылатады. Ал сүт пен айран ішектің қызметін жақсартады, құрамындағы кальций тіс пен сүйекті нығайтады, тырнақ пен шашқа пайдасы тиеді. Інжір мен жаңғақ. Кейбір тағамдар адамның көңіл-күйін көтеретіндігі дәлелденген. Сондай тағамдарлдың қатарында жаңғақ, інжір, банан мен шокалад бар. Олар серетонин атты гормонды бөліп шығарады, құрамындағы фолий қышқылы,селен,триптофан, В, Е дәрумені және депрессияға қарсы күресетін өзге де пайдалы заттар кездеседі. Сәбіз бен Жұмыртқа. Бұл тағамдардағы бетакоротин,әсіресе, көзге шипасын тигізеді.Терінің саулығын жақсартады, ағзаның инфекциясымен күресуінде күш береді, радикалдардан сақтайды.