Барселона университетінің ғалымдары толмат тұздығын өмірді ұзартатын өнімдер қатарына қосуды ұсынып отыр. Олар бұл өнімнің мидағы қан айналымы жұмысын реттеп, ұстамалы жүрек ауруының алдын алатынын анықтады.
The Daili Mail-дың хабарлауынша, ғалымдар зерттеген томат тұздығының құрамы қызанақ, зәйтүн майы, пияз бен сарымсақ қоспасы және жүгері ұнынан тұрады. Ал химиялық-биологиялық құрамына келсек, онда антиоксидант бола алатын 40 полифенол бар. Жүрек пен қан айналымы жүйесін қышұылданудан сақтайтын заттар — осы. Испан ғалымдарының айтуы бойынша, дәл осындай қосындылардан тұратын қызанақ тұздығы адам ағзасы үшін аса пайдалы. Әсіресе ол жүрегі ауыратын науқастардың өмірін ұзарта алады.