Басты жаңалықтар

Қонақтарға қарны тойғанша тамақ берген ресторан қарызға белшесінен батты

Олар екі аптаның ішінде қарызға кіріп кеткен

Қонақтарға тамақ жеуден шектеу қоймаған қытайлық ресторан екі аптаның ішінде қарызға батып кеткен деп хабарлайды KYN.KZ Қытайдың Чэнду қаласындағы мейрамхана қонақтарға айына 120 юань (1,2 мың рубль) төлеп, қалағанынша тамақ жеуге мүмкіндік берген. Аталған акция бойынша келушілерге бір айлық карточка беріледі. Нәтижесінде қонақтар бір купонды бүкіл отбасымен бірге қолданған. Нәтижесінде 500 мың юань қарызға кіріп, мейрамхананы жабуға мәжбүр болған. Мейрамхана қожайыны осындай жарнама арқылы клиенттерін көбейтіп, бәсекелестерін басып озғызы келген. Мейрамхана акция туралы жариялағаннан кейін, күн сайын 500 адамнан қабылдаған. Ал есік алдындағы кезек таңғы сағат сегізден басталған. Соңғы қонақтар түн ортасында қайтқан. Қонақтардың акцияны өз пайдаларына қолданғанына қарамастан, мейрамхана қожайыны тақырға отыруына өзі кінәлап отыр.