Бала денсаулығына байланысты әрбір ата-ана білуі тиіс 5 кеңес
Дәрігерлер бүлдіршіндердің денсаулығына байланысты айтты
Өмірге баланың келуімен көптеген ата-аналар қатты әбігерге түсіп жатады. Сәбидің әрбір қадамы үшін алаңдап, кейде тым қатты әсірелеп кетіп жататыныз рас. KYN.KZ балалар дәрігерлерімен сөйлесіп, бүлдіршіннің денсаулығына байланысты әрбір ата-ана білуі тиіс 5 кеңеспен бөліседі.
- Дәрігермен кеңеспей тұрып дәрі ішкізбеңіз
Балаға ешқашанда дәрігердің келісімінсіз дәрі-дәрмек ішкізбең. Тіпті көршінің баласы солай жазылып кеткен болса да, тіпті әжесі қалай дұрыс екенін тура білсе де. Себебі кішкентай ғана тамшының өзі пайдасынан гөрі, зияны мол болуы мүмкін. Егер жағдай жедел-жәрдем көмегін шақыруды қажет етпесе де, тек қауіпсіз болып саналатын дәрілерді ғана ішуге рұқсат.
- Иммунитетті жоғарылатыңыз
Баланың денсаулығы мықты әрі белсенді болып өсуі үшін иммунитетті жақсарту керек. Ол үшін:
- Ең аз дегенде алты айға дейін ана сүтімен емізу
- Үйдегі ауа температурасын қадағалау
- Күн сайын таза ауада серуендеу
- Физикалық жаттығулармен күш түсірмеу
- Сапалы әрі толыққанды ұйқыны қамтамасыз ету
- Шыдамды болыңыз
Кішкентай балаларда жиі кездесетін уақытша аурулар, олар есейгенде өздігінен тоқтауы мүмкін. Мәселен, шаншу мен кейбір азық-түліктен ауырып қалу.
- Екпелерді ұмытпаңыз
Соңғы уақытта белең алған екпеге қарсы шығу дәстүрі ата-аналардың ойын өзгертуде. Дегенмен, кез-келген кәсіби маман ата-анаға екпеден бас тартуға кеңес бермейтін еді.
- Алғашқы белгілерді есте сақтап қалыңыз
Балаға қанша көңіл бөлсенде, ауырып қалып жатады. Бұл қалыпты жағдай: иммунитет осылай қалыптасады. Дегенмен, ата-анаға қауіпті аурудардың алғашқы белгілері туралы білген артық болмайды. Пневмония: тыныс алудың қиындауы, терінің түсі өзгереді, тәбеттің бұзылуы, дене температурасының көтерілуі Бронхит: дене температурасының көтерілуі, тыныс алудың қиындығы, жөтел, әлсіздік, тәбет бұзылуы, бас және кеуде тұсы ауруы, тершеңдік, бет терісінің көк немесе сұр түске өзгеруі