Денедегі қалдың орналасуына қарап сол адамның денсаулығы мен мінезі жайлы білуге болады
Денегдегі қал қай жерге орналасуына қарай адамдардың мінез-құлқы,болашақ тағдыры хақында жорамал жасауға болады
Денегдегі қал қай жерге орналасуына қарай адамдардың мінез-құлқы,болашақ тағдыры хақында неше қилы жормалдар,пайымдаулар айтылады.Егер денеде неғұрлым қал көп болса,мән-мағынасы да соғұрлым мол,әрі алдын-ала жасалатын болжамдар шындыққа жиі үйлесіп жатады деп хабарлайды KYN.KZ Дөңгелек қал - бақытты тағдыр кепілі.Сопақ,озылыңқы қал - сәтсіздік белгісі. Түсі шымқай қара болса,одан да жаман. Енді қалдардың дененің қай жеріне орналасуына орай қалыптасқан ұғымдарға келейік: Оң жақ шеке - даңқ пен абыройға бөлейтін ақыл-ой. Сол жақ шеке - күтпеген қылық,дәрменсіздік. Көздің қапталында - салмақты мінез,сенімділік және ұқыптылық,құнттылық. Қастың оң жағы - бақыт,бәлкім ерте үйлену. Сол жағы - қиыншылық,күрес. Құлақтағы - қатыгездік. Оң жақ беттің шеті - бақыт,әсіресе некелік өмірде. Сол жақ беттің шеті - тауқымет,күйзеліс,тыпырлау. Бет сүйекте - табыс,жол болу,махаббатқа жету. Ауыз маңы - бақыт,сезімталдық. Бұғақтағы - денсаулықтың кемтарлығы. Мұрындағы - үлкен сәттілік,жыныстық мол қайрат. Тамақтағы - некемен қоса келетін бақ,атаққұмарлық,мақсатқа жету. Мойындағы - көптеген мақсаттың орындалуы,кейбір үміттің аяқталмауы,алғашқы кездердегі сәтсіздіктің,бірақ түптің түбінде мерейдің үстем болуы. Білектегі - мұратқа жеткізетін табиғи қабілет. Оң қолдағы - сәттілік. Сол қолдағы - қаржыдан қысылу. Иықтағы қиын - қыстау,күрделі уақыттар. Көкіректің сол жағы(еркектерде) - сәттілік пен бақыт. Әйелдерде - қызу қандылық. Арқада - адалдық,тазалық,мырзалық,сонымен қоса менмендік,өзімшілдік.Егер мең арқаның төменгі жақтарында болса-сезімталдық пен болар-болмасқа ыңылдап,жыламсырай беруге бейімдік. Қабырғаның оң жағы - қорқақтық, ерігушілік,дарақылық,езбелік. Сол жағы - дәл солай,тек өзіне ептеген сын көзбен қарау. Белде - дені сау,күшті балалар болуы. Санның оң жағы - қайырымды мінез,байлық,отбасындағы бақыт. Сол жағында - жалғызіліктік,бәрінен айырылу,жарлылық. Оң жақ тізе - бейқам,шалқағай неке,қаржыны ұстай алмау. Сол жақ - беймазалық,тынышсыздық. Аяқтағы - тасып-төгілетін күш-жігер,асқан еңбекқорлық. Оң аяқтың табанында - сапар шегуге құштарлық. Сол табанда - сезімталдық,сергектік. Оң аяқ пен сол аяқта - жалқаулық