Денегдегі қал қай жерге орналасуына қарай адамдардың мінез-құлқы,болашақ тағдыры хақында неше қилы жормалдар,пайымдаулар айтылады.Егер денеде неғұрлым қал көп болса,мән-мағынасы да соғұрлым мол,әрі алдын-ала жасалатын болжамдар шындыққа жиі үйлесіп жатады деп хабарлайды KYN.KZ
Дөңгелек қал — бақытты тағдыр кепілі.Сопақ,озылыңқы қал — сәтсіздік белгісі. Түсі шымқай қара болса,одан да жаман. Енді қалдардың дененің қай жеріне орналасуына орай қалыптасқан ұғымдарға келейік:
Оң жақ шеке — даңқ пен абыройға бөлейтін ақыл-ой.
Сол жақ шеке — күтпеген қылық,дәрменсіздік.
Көздің қапталында — салмақты мінез,сенімділік және ұқыптылық,құнттылық.
Қастың оң жағы — бақыт,бәлкім ерте үйлену.
Сол жағы — қиыншылық,күрес.
Құлақтағы — қатыгездік.
Оң жақ беттің шеті — бақыт,әсіресе некелік өмірде.
Сол жақ беттің шеті — тауқымет,күйзеліс,тыпырлау.
Бет сүйекте — табыс,жол болу,махаббатқа жету.
Ауыз маңы — бақыт,сезімталдық.
Бұғақтағы — денсаулықтың кемтарлығы.
Мұрындағы — үлкен сәттілік,жыныстық мол қайрат.
Тамақтағы — некемен қоса келетін бақ,атаққұмарлық,мақсатқа жету.
Мойындағы — көптеген мақсаттың орындалуы,кейбір үміттің аяқталмауы,алғашқы кездердегі сәтсіздіктің,бірақ түптің түбінде мерейдің үстем болуы.
Білектегі — мұратқа жеткізетін табиғи қабілет.
Оң қолдағы — сәттілік.
Сол қолдағы — қаржыдан қысылу.
Иықтағы қиын — қыстау,күрделі уақыттар.
Көкіректің сол жағы(еркектерде) — сәттілік пен бақыт.
Әйелдерде — қызу қандылық.
Арқада — адалдық,тазалық,мырзалық,сонымен қоса менмендік,өзімшілдік.Егер мең арқаның төменгі жақтарында болса-сезімталдық пен болар-болмасқа ыңылдап,жыламсырай беруге бейімдік.
Қабырғаның оң жағы — қорқақтық, ерігушілік,дарақылық,езбелік.
Сол жағы — дәл солай,тек өзіне ептеген сын көзбен қарау.
Белде — дені сау,күшті балалар болуы.
Санның оң жағы — қайырымды мінез,байлық,отбасындағы бақыт.
Сол жағында — жалғызіліктік,бәрінен айырылу,жарлылық.
Оң жақ тізе — бейқам,шалқағай неке,қаржыны ұстай алмау.
Сол жақ — беймазалық,тынышсыздық.
Аяқтағы — тасып-төгілетін күш-жігер,асқан еңбекқорлық.
Оң аяқтың табанында — сапар шегуге құштарлық.
Сол табанда — сезімталдық,сергектік.
Оң аяқ пен сол аяқта — жалқаулық