Басты жаңалықтар

Майлы теріні күтуге арналған лосьондар

Теріңіздің әдемі болу сырын біле жүріңіз.

Майлы тері спирттік қоспалармен, сабынмен жуыну, орамалмен сүртіну сындыларды оңай өткереді. Майлы теріні тазартатын түрлі лосьон бар. KYN.KZ сайты үй жағдайында дайындалатын лосьон түрлерін ұсынады. Шөптен жасалған лосьон. Қырмызы, ақ бас жусан, эвкалипт, дала қырықбуыны және түймедақ секілді өсімдіктердің бірін ыстық суға салып, 15 минут бұқтырамыз. 500 мл суға екі ас қасығы жарайды. 3-4 сағат өткен соң, 1 шәй қасық сірке суын қосамыз. Мұнымен қатар, 30 мл спирт тұнбасын немесе 30 мл арақ құямыз. Гүлден жасалған лосьон. 2 ас қасық раушан, гүлкекіре, қырмызы, гүлдерінің үстіне 1 стақан ыстық су құйып, 10 минутқа қалдырамыз. 30 минут бойы суытамыз. Артынша бір-бір шәй қасықтан бор спирті мен сірке қышқылын қосамыз. Ақжелкеннен жасалған лосьон. 1 ас қасық ақжелкеннің кепкен жапырақшаларына 1 стақан ыстық су қосамыз. Артынша арада 1 сағат өткен соң, ¼ стақан ақ шарап қосамыз. Жалбызды лосьон. 2 ас қасық жалбызды 500 мл суға салып, 10 минут бойы қайнатамыз. Үстіне 4 шәй қасық бор спиртін, 2 ас қасық қырмызы, 1 шәй қасық сірке суын немесе лимон шырынан қосамыз. Майлы тері үшін майдың мөлшерін қалыпқа келтіретін арнайы кремдер қолданылады. Жеңіл, майсыз кремдерді пайдаланған дұрыс.