Босанғаннан кейінгі қалыпқа тез келуге арналған ережелерді біле жүріңіз
Оған ең алдымен жолдасы жағдай жасау керек.Уй шаруашылығының белгілі бір бөлігін өз мойнына алу керек.
Босанғаннан кейінгі қалыпқа тез келуге арналған 9 ережені KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады. ⠀ Дем алу.Мумкіндік болған кезде жатыңыз, дем алыңыз,ұйықтаңыз. ⠀ Жатып емізіңіз, сол кезде белге де, жамбасқа да аз күш түседі. ⠀ Жыныс еріндері, аралықтағы ісіну болса салқын басуға болады.Пакетке оралған мұзды 5-10 минут ұстасаңыз ісіну азаяды.Ол әдісті өзім босанғаннан кейін гинеколог айтуымен жасағанмын. ⠀ Мейлінше жиі емізу.Алғашқы уыз бала үшін өте пайдалы және жатыр өз қалпына келуіне көп көмектеседі.Емізу кезінде жатырдың жиырылуын сезінген боларсыз. ⠀ Іш қатудың алдын алыңыз.Ал іш кату болса қатты күшенуден аулақ болыңыз, дәрігер көмегіне сүйеніңіз. ⠀ Жамбас қуысы бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды 2-3 аптадан кейін бастаңыз. Жыртылу, эпизиотомия болса 1 айдан кейін. ⠀ Жалпы жаттығуларды жасауға асықпаңыз, босана сала жаттығулар жасап жатқан инстаграмдағы мінсіз мүсінділерге ермеңіз. Ең алдымен қалыпқа келу керек, керсінше жағдайда жыныс мүшелері төмен түсуіне алып келеді. ⠀ Ұзақ уақыт отырмаңыз. ⠀ Таза ауаға шығыңыз 3-4 сағат емес, алғашқы уақытта баламен 20-30 минут жарайды. ⠀ Босанғаннан кейін әйел адамда шаруа демей бір уақыт денсаулығына көңіл бөлу керек. Оған ең алдымен жолдасы жағдай жасау керек деп ойлаймын.Уй шаруашылығының белгілі бір бөлігін өз мойнына алу керек. ⠀ Әйел нәзік жаратылыс, бір кеткен денсаулық қайта қалпына келу қиын. Босанғаннан кейін денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлдіңіз? Кім көмектесті?