Жаңа жылда балаларға беруге болмайтын тағамдар тізімі
Дәрігер: 1 жасқа дейінгі балаларға эксперимент жасап бұрын жеп көрмеген тағамды беріп қажет емес.
Түрлі салаттар, неше түрлі бұрын көрмеген тамақтар бала тәбетін ашады. Оның ішінде балаларға жеуге болмайтын тағамдар да бар. Жаңа жыл мерекесіне үйде қонақ шақыру кезіндегі дастарқан, тағамдарды сақтау,ішек инфекциясынан сақтану жолдарын KYN.KZ назарларыңызға ұсынады.⠀ 1 жасқа дейінгі балаларға эксперимент жасап бұрын жеп көрмеген тағамды беріп қажет емес. ⠀ 1 жастан асқан соң дәм татып көруге болады, бірақ аз ғана мөлшерде. ⠀ Және балаларға мүлдем болмайды: ⠀ Термоөңдеуден өтпеген тағамдар: селедка, жұмыртқадан жасалған кремдер бар тәттілер,үйде жұмыртқадан жасалған майонез, зеңді сыр(сыры с плесенью). ⠀ Консервілер, әсіресе банкаға жабылған қызанақ,қияр, салаттар сіздің көзіңізше ашылмаса ⠀ Алкоголь ішіп қоюдан сақ болыңыз, балалар сумен шатастырып ішіп қояды. ⠀ Тыныс жолдарына тұрып қалатын қатты тамақтар бар дастарқанда баланы көзден таса қылмаңыз. ⠀ Енді "былтырғы тамақтар " туралы. ⠀ Дастарқанға қойған тамақтарды қанша уақытқа дейін жеуге жарамды ⠀ FDA (Америка тағамдар мен дәрілерді бақылау басқармасы) бойынша + 6 жоғары температурада 3 сағаттан ұзақ қалған тамақтарды бірден лақтыру керек. ⠀ Тоңазытқышта қанша уақыт сақтау керек ⠀ Ет пен құс етінен жасалған тамақты 48 сағатқа дейін сақтауға болады. ⠀ ▪️Холодец 12 сағат. ⠀ ▪️ Балық және балықтан жасалған тамақтар 12 сағат тоңазытқышта сақталады. ⠀ ▪️ Майонез не маймен,соуспен араластырған салаттар 12, майонез салынбаған 24 сағат жеуге жарамды, тоңазытқышта сақталса ғана. ⠀ ▪️Крем жағылған торттар 18 сағат, кремсіз торттар 72 сағатқа дейін тоңазытқышта сақтауға болады. ⠀ ▪️Дайын тамақтар алатын болсаңыз қашан жасалғанын оқыңыз. ⠀ "Ең бастысы Тұрып қалған тамақты ересектер жесе еш реакция болмауы мүмкін, ал бала асқорыту жүйесі жетілмеген бірден реакция береді"- дейді отбасылық дәрігер Гауһар Жұматқызы. ⠀⠀