Басты жаңалықтар
Балаға қосымша тамақты қай уақыттан бастап беру керек?
- автор kyn.kz
- 25 желтоқсан, 2019
- 1.3k
1 жасқа дейінгі негізгі тамақ — ана сүті болып қала береді, қосымша тамақты енгізу кезеңіде тойдыру үшін емес, жаңа дәмге танысу мақсатында береміз.
ДДСҰ (ВОЗ) бойынша 6 айында.
Неге ерте болмайды, себебі баланың асқорыту, ферменттік жүйесі қалыптаспады, организмге ауыр.
Неге кеш 8 айға таман болмайды, себебі 6 айдан аса ана сүті бала дамуы үшін қажет, пайдалы заттармен толық қамтамасыз ете алмайды және тамаққа қызығушылық басылып қалуы мүмкін деп хабарлайды KYN.KZ 6 айында бала қосымша тамаққа дайын болу керек, дайындық белгілері:
⠀
Балада тамақты тілімен шығарып тастау рефлексі басылған.
Координация дамыған, яғни қолына алған затты аузына еркін апара алады.
Қасықты аузына апарса ашады.
Ересектер тамағына қызығады, тарелкаға емес, ішіндегі тамаққа қызығады, бос тарелка берсеңіз жылайды.
Басын өзі ұстай алады, өзі не көмекпен отыра алады.
Тіс шығу дайындық белгісі емес .
Сондықтан, бала дайындығын бақылып, дер кезінде қызығушылығын тудырып 6 ай, 6 айға таман(5,5-6,5 ай) қосымша тамақ енгізуге болады.
⠀
Неге ерте болмайды, себебі баланың асқорыту, ферменттік жүйесі қалыптаспады, организмге ауыр.
Неге кеш 8 айға таман болмайды, себебі 6 айдан аса ана сүті бала дамуы үшін қажет, пайдалы заттармен толық қамтамасыз ете алмайды және тамаққа қызығушылық басылып қалуы мүмкін.
⠀
Немен бастаймыз?
⠀
Ботқа, көкөніс бастасаңызда жаңа халықаралық нұсқаулықтарға сай.
Менің дәрігер әрі ана ретіндегі ойым көкөніс пюресі немесе ботқадан бастаған жөн. Жемістен бастасақ бала құрамындағы қант дәміне үйреніп келесі жаңа тамақты енгізу қиындық тудырады.
⠀
1 жасқа дейінгі негізгі тамақ — ана сүті болып қала береді, қосымша тамақты енгізу кезеңіде тойдыру үшін емес, жаңа дәмге танысу мақсатында береміз.
⠀
Бірінші қосымша тамақ енгізіген уақытта баланың дені сау болу керек.
Емізбестен немесе смесь берместен бұрын береміз.
Тұзсыз, қантсыз.
Бір көкөніс түрінен(түсті капуста, кәді, брокколи) немесе сүтсіз, 1 компонентті ботқа(қарақұмық, күріш, жүгері) түрінен бастаймыз.
Күннің бірінші жартысында берген жөн.
Бірінші 10 гр бастап береміз, кун сайын 10 гр қосамыз.
Бала қаламаса бермейміз, 3 күннен кейін қайта беріп көреміз.
Қосымша тамақтан соң емізу керек не смесь береміз.
Іш өту, іш қату, құсу, аллергия болса дереу тоқтатамыз.
⠀
Келесі мақала