Жүкті әйелдерге қажетті кеңестер
«Туылатын сәби әйтеуір туылады» деп те салқындылық танытпаңыз,
Жүктіліктің алғашқы 12 аптасына дейін болашақ баланың мүшелер жүйесі қалыптаса бастайды. 6 апталық ұрықтың дене ұзындығы 4-6 мм-ге жетіп, баланың миы, омыртқасы, орталық жүйке жүйесі, көзі, құлағы, соға бастаған жүрегі орналасқан кеуде қуысы, қол-аяғы, қан айналым жүйесі қалыптасып, дами бастайды. Бұл уақытта болашақ ана дәрі-дәрмек ішпеуі қажет. Егер оны қабылдауға мұқтаждық туа қалса, емдеуші дәрігер мөлшерін анықтап беруі шарт деп хабарлайды KYN.KZ Жалпы жүктіліктің бұл мерзімінде ұрықтың жүйке түтігінде кемістік болмау үшін тәулігіне 4 мг фолий қышқылын қолданған орынды. 1 см-лік, ішкі мүшелері қалыптасып біткен ұрық 8 апталық мерзімде ғана болады. Ал сіздің ағзаңызға тән тамақтан соң құсу, кез келген нәрседен жиіркену сияқты құбылыстар осы шақта бой көрсетеді. Лоқсуыңыз аз мөлшерде ыстық емес, иіссіз аспен тамақтанғаныңызға қарамастан тиылмаса, дәрігерге қаралыңыз. 12 апталық ұрықтың ішкі мүшелері толық қалыптасып, өз қызметтерін атқара бастайды. Бұл кезде сәбидің жынысын анықтау мүмкіндігі де туады. Негізінен 46ХХ - қыз, 46ХУ - ұл деп сәбидің жынысын анықтау күрделі процесс. Бұл мәселе кәсіби біліктілігі жоғары маман мен арнаулы аппаратураларды қажет етеді. 16 апталық ұрықтың бала жолдасы осы кезде өз дамуын тәмамдайды және сәбиге қажетті заттарды тасымалдайды. Жүктіліктің 18-20 аптасында сіздің сәбиіңіздің бойы 25 см, ал салмағы 200 г жетеді де, жатырыңыз кіндік тұсымен деңгейлес болады. Нәтижесінде сіз сәбиіңіздің қимылдағанын айқын сезінесіз. Осы сәттен бастап сіз оны- мен сөйлесуді, бірлесе сырлы саздарды тыңдауды дағдыға айналдырыңыз. Сәби мұндайды ерекше сезімталдықпен қабылдайды. Ал сіз осы кезде оның жүрегінің соғысын арнайы түтік (стетоскоп) арқылы ести аласыз. 27-28 апта жүктіліктің үшінші триместрі болып есептеледі. Бұл кезде сіздің салмағыңыз артып, гемоглобиніңіз кеми түседі, жатырыңыздың көлемі ұлғайып, сұйықтығы мен қаны молаяды. Ал сәбиіңіздің бойы 34 см, салмағы 900 г қүрамақ. Бұл мерзімде туылатын сәбилердің өмір сүруі мүмкін, бірақ өкпе-бауыры толық жетілмейді және індетке қарсы иммундық жүйесі әлсіз болады. Осы уақыттан бастап, сіз және сіздің жақындарыңыз баланың дүниеге келуіне арнайы өткізілетін сабақтарға қатысып, дайындала берулеріңіз керек. Бүл сабактарда туғанға дейінгі тамақтану, белсенді іс-әрекет, емшекпен емізу, босанғаннан кейінгі күтіну, шақалаққа қарау сияқты мәселелерден хабардар бола аласыз. Қазіргі кезде жүкті әйелдерге 30 аптадан бастап 126 күнге бала бағу демалысы белгіленеді. Жүктілік кезеңінде сізге босану үйіне кіммен, қалай баратыныңызды, қай жерден босанатыныңызды шешіп қойғаныңыз дұрыс. 32-33-ші аптада баланың қүрсақ ішіндегі жатысы бастың төмен қарай орналасуымен сипатталады. Бұл кезде сәби сізді бірде бауырыңыздан, енді бірде бүйіріңізден теуіп, әлсін-әлсін мазалайды. Бала бойы 40 см, ал салмағы 1700 г болып, сізді тез шаршатпақ. Сондықтан алдын-ала босанып қалғыңыз келмесе, көбірек демалыңыз, аз мөлшерде жиі-жиі тамақтанып тұрыңыз. Жүктіліктің бұл мерзімінде сіз, әсіресе түнгі уақыттарда әжетханаға жиі шығатын боласыз. Жүктіліктің 37-ші аптасында босанудың жаршысы,яғни айтолғақ белгілері пайда болады. Бұл белгілер: жатыр түбі деңгейінің төмен түсуі, сүйықтықтың жиірек бөлінуі, кең тыныстану, жатырдың теменгі бөлігіне сәбидің тірелуі, жатырдың қозуы, жүкті әйелдің әлсін-әлсін ішінің төменгі бөлігінде ауырсынуды сезінуі байқалады. Балаңыздың салмағы 3 кг-ға жуық, бойы 48 см-ден асады. Ал 38-40 апта аралығында сіз «Неге босанбай жатырмын?» деген күдікті ой шырмауына қалуыңыз мүмкін. Қатты кобалжымаңыз, өйткені босану уақыты әр әйел үшін әр түрлі болмақ. Сіздің ағзаңыздың ерекшелігіне сай толық дамып жетілген сәби 37-40 апта аралығында жарық дүние есігін ашуы тиіс. «Туылатын сәби әйтеуір туылады» деп те салқындылық танытпаңыз, туу мерзімі жақындағанда өзіңнің қаралатын дәрігеріңе барып немесе хабарласып, қосымша мағлұматтар алыңыз. Өз көңіл-күйіңізді, балаңыздың қимылдауын, қынабыңыздан келетін сұйықтықты бақылаңыз.