Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бұлттарға қарап ауа-райын болжауды білесіз бе?

Бұлттарға қарап ауа-райын болжауды білесіз бе?
ашық дереккөз
Күн райын бұлтқа қарап болжаңыз
Қазір ауа-райы туралы мәлімет білу үшін телефонға қарасақ жеткілікті. Дегенмен, ұялы телефон немесе интернет жоқ жерде тұрсақ қалай жасаймыз? KYN.KZ өз оқырмандарына бұлттарға қарап ауа-райын болжаудың сырын үйретеді.  width=  
  1. Мақталы бұлттар
Мақталы бұлттар 5-14 км биіктікте тұрады, олар ұзын созылған жіптерге ұқсас. Сондықтан бұндай бұлттар жақсы, бірақ сәл салқындау ауаның белгісі. Егер бұлттар көп әрі төменге қарай орналасқан болса жинақталған түйінге ұқсас келеді. Қойдың жүніне ұқсас бұлттар судағы балдырларды еске түсіреді. Олар жақын уақытта күннің жылынуы мен біраз уақыттан соң жауын-шашынды білдіреді.  width=
  1. Үйінді бұлттар
Үйінді бұлттар – бір-бірімен топтасып орналасқан, үлкен мақтаға ұқсас келеді. Олардан жаңбыр өтпейді, сондықтан күн райы тамаша болады. Дегенмен, алдын ала қатты қуанбаңыз. Себебі, үйірлі бұлттар үлкен құйынды жаңбырдың алғашқы белгілері болуы мүмкін. Бұндай бұлттарды көргенде алғашқы сегіз сағаттың ішінде жауын-шашын болады.  width=
  1. Қабатты бұлт
Бұл сұр түсті матаға ұқсас аспанды жапқан тұманды бұлт. Қабатты бұлт өте жұқа, сондықтан жаібыр болмайды. Бұлттың бұл түрі көбінесе жақсы күн райының алдында болады.  width=
  1. Жаңбырлы бұлт
Бұл жерде барлығы түсінікті, егер бұлт қара болса – сөзсіз жаңбыр жауады. Дегенмен бұлттың түсі арқылы ауа-райы қалай болатынын біле аламыз. Мәселен:
  • Қара түсті бұлт – қатты дауылсыз жаңбырдың белгісі
  • Қоңыр бұлт қатты соққан желмен қаатар келетін жауынды көрсетеді
Сұр бұлт ұзақ әрі жеңіл жаібырды білдіреді  width=  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар