Вторник, 30 мая, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Мызғып алудың пайдасын білесіз бе?

Сабақ үстінде ұйықтап алу пайдалы

28.12.2019
0
Мызғып алудың пайдасын білесіз бе?

Саясаткер Черчилль мызғып алуды жақсы көрген екен. Бұл оның әдеттерінің бірі ғана емес, сонымен қатар саяси өміріндегі жетістіктерінің формасы болған деседі. Оның сөзіне сенсек, түстен кейінгі екі сағаттық ұйқы жұмыс өнімділігін бірнеше есеге артырады. Сенбеске шара жоқ, себебі Черчилль саясатта 90 жасына дейін ес-ақылын жоғалтпай жүреді деп хабарлайды KYN.KZ

Енді ойланып көрейікші, адам ұйқысы денсаулықтың кепілі ме? Аз ғана уақыт мызғып алудың қаншалықты пайдасы бар екенін осы материалымызда бөлісеміз.

Адам ұйықтап жатқанда қандай өзгерістер болады?

Сол жақ ми бөлігі адамның логикасы мен ойлау қабілетіне жауап береді. Ол вербалды ақпаратты қорытып, сөйлеуді қызметін бақылайды. Дәл осы сол жақ мимен әртүрлі фактілер, адам есімдері, түрлі даталарды жаттаймыз, сонымен қатар, оларды іріктеп, сараптаймыз.

Ал оң жақ ми бөлігі – «шығармашылықты» дамытады. Жұмбақ шешуде, бейвербалды (белгілер мен жасырын заттарды табу) ақпаратты қабылдауда осы оң жақ ми бөлігі қызмет көрсетеді және армандауға, қиялдауға, метафораларды құрастырып, оларды түсінуге көмектеседі.

Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша, адам мызғып ұйықтағанда сол жақ ми бөлігі жұмыс істемейді екен де, ал оң жақ миы қызмет көрсете береді. Осы себептен де адам ұйықтап тұрған соң ақпаратты тез қабылдайды. Тіпті өлеңді де тез жаттайтыны осыдан.

Мызғып алған соң:

Ойлау жүйесі белсенді болады;

Шығармашылыққа әуес болады;

Шаршағанды басады, стресстен айығады;

Қабылдау, төзім сияқты мүмкіндіктерді белсенді етеді;

Іс-қимыл әрекетті жақсартады;

Майларды кетіреді;

Жүрек қан тамыр ауруларының алдын алады;

Көңіл-күйді көтереді.

Ал бастысы, оң жақ ми бөлігінің белсенді болуына байланысты, оқуға және есте сақтау қабілетін жақсартуға сеп болады.

Есте сақтау қабілетіне арналған зерттеу

Ғалымдар зерттеу жүргізеді. Олар ерікті екі топ адамды жинап, бір ақпаратты оқуын сұрайды. Кейін 40 минуттық үзіліс жасалады. Үзілістен кейін олар қайтадан ақпаратты оқиды. Екі топтың бірі үзіліс кезінде мызғып алса, екінші топ белсенді қозғалыс үстінде болған. Ал нәтижесінде мызғып алған топ ақпаратты тез жаттап алғаны байқалған. Ұйықтаған топтың 85%-ы берілген тапсырманы орындай алса, ұйықтамаған топтың 60%-ы ғана тапсырманы орындай білген.

Оқуға арналған зерттеу

Басқа бір зерттеуде қатысушыларға тапсырманы түстен кейін орындау керек болған. Бұл кезде олардың миы тынығып тұрған. Түскі 14.00-де қатысушылар ұйқыға кеткен. Ұйқыдан соң қатысушылар қайтадан тапсырма орындауға көшкен. Нәтижесінде мұнда да ұйықтап алған қатысушылар тапсырманы үздік орындаған.

Мызғып алу әсіресе студенттер мен мектеп оқушыларына аса пайдалы екен. Сабақтар арасында (сабақ үстінде) 30-60 минут мызғып алған студенттердің үлгерімі жақсы болады. Бұл үшін олар мызғып алуға ең дұрыс уақыт аралығын табуы қажет. Ғалымдардың айтуынша, түскі сағат 13.00-ден 16.00-ге дейінгі қысқа ұйқы ең дұрысы екен.

Бөлісу8Твит5
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1925 бөлісу
    Бөлісу 770 Твит 481
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1213 бөлісу
    Бөлісу 485 Твит 303
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1160 бөлісу
    Бөлісу 464 Твит 290
  • Оранған бойжеткенді зорламақ болған ұлттық қауіпсіздік қызметкеріне сот үкімі шықты

    1120 бөлісу
    Бөлісу 448 Твит 280
  • Алматыда 19- қабаттан секірген қыз туралы жаңа деректер шықты

    818 бөлісу
    Бөлісу 327 Твит 205
  • 16 жыл бұрын әйелінен айырылған Аманжол Әлтаев неліктен үйленбегенін айтты

    2075 бөлісу
    Бөлісу 830 Твит 519
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    568 бөлісу
    Бөлісу 227 Твит 142
  • Енесіне еркелеген Азамат Сатыбалдының жұбайы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    870 бөлісу
    Бөлісу 348 Твит 218
  • «Енді оларды ешкім алмайды» Имам мектеп бітіру кешінде вальс билеу үрдісін тоқтатуды талап етті

    835 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Оранған блогер хиджап кигені үшін ақша берілетінін және арнайы келісімшартқа отырғандарын мойындады

    994 бөлісу
    Бөлісу 398 Твит 249
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.