Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бауырдың қызметі

Бауырдың қызметі
ашық дереккөз
Л.Людовик: «Бауыр- организмнің орталык зертханасы» деп атады.
Өткен ғасырда Л.Людовик бауырды «организмнің орталык зертханасы» деп атады. Өйткені: 1. Бауыр тәулігіне 1 л өт шығарып, ас қорыту үдерісіне қатысады, яғни өт өндіреді. Бауырды зерттегенде ең алдымен, оның қызметіне көңіл аударған жөн. Егер сары ауру белгісі білінсе, онда бауыр қызметінің бұзылғанын көрсетеді. Бауырды зерттеу тәжірибесінде Шванн жануардың денесіндегі барлық өтті шығарып тастаған кезде, жануар өліп қалғанын айтты деп хабарлайды KYN.KZ 2. Бауырда гисто-гемалық және гемато-лимфалық тосқауылдар өткізгіштігі күшті дамыған, сондықтан да бауыр лимфа түзілуі үдерісіне қатысады. Негізгі лимфа коллекторы - көкірек өзегі лимфасының көбі бауырда түзіледі. Онда белок та көп болады. 3. Бауыр зат алмасуына қатысады: гликоген түзіледі, инсулин әсерінен глюкоза гликогенге айналады. Мұнда гликоген басқа заттардан мысалы, белоктан, майдан түзіледі (глюконеогенез). Бауыр гликоген депосы, бұл энергия қажеттігіне байланысты. Гликогендік үдеріс нәтижесінде қанда глюкоза көбейеді де, оны басқа тіндер пайдаланады. 4. Бауыр белок алмасуының негізгісіне және соңғысына қатысады: а) ішектен қақпа лыпыма тамырға өткен улы заттар бауырда бейтараптанады, ягни уытсызданады; ә) амин қышқылдары дезаминденіп, одан босаған аммиактан мочевина түзіледі, яғни бауыр мочевина өндіру қызметін атқарады. Аммиак мочевинадан әлдеқайда уытты; б) бауырда осы ағзаның өзіне ғана тән белоктар, қан белоктары (альбумин, глобулин, фибриноген) түзіледі, бұлардың біразы бауырда қор ретінде сақталады; в) гуанидинсірке қышқылы метилденіп, креатинин түзіледі. 5. Бауырда қан ұюына қатысатын көптеген белоктар мен олардың компоненттері - протромбин, фибриноген, проконвертин, проакцелерин, V, XI, XII, XIII факторлар, сондай-ақ гепарин, антитромбин, антиплазмин т.б. қан ұюына қарсы тұратын жүйелердің компоненттері түзіледі. 6. Бауыр май алмасуына қатысады: оның тотығуы нәтижесінде кетондық заттар: ацетон, ацетосірке қышқылы, (3-оксимай қышқылы пайда болады; мұнда сондай-ақ триглицерид (әдетте бейтарап май қышқылдарынан), фосфолипид, липопротеидтер түзіледі. 7. Бауыр холестериннің түзілуіне, ыдырауына, сыртқа шығуына, сондай-ақ стероидты гормондар алмасуына қатысады. 8. Бауыр су мен тұз алмасуына қатысады: кейбір ғалымдардың: «Бауыр - судың және минералды заттардың қоймасы» деуі осыған байланысты. 9. Бауырдың витаминдер алмасуында да зор мәні бар: мұнда А витамині түзіледі; майда еритін басқа витаминдердің (А, Д, Е, К) алмасуы да осында өтеді. Кейбір витаминдер (В тобындағы, С, РР т.б.) бауырда қор болып жиналады да, мұндағы химиялық реакцияларга қатысады. Екінші бір витаминдер (В,, В2, В6) тобы осында фосфорланады. 10. Бауыр - қан жүйесінің маңызды бөлігі. Ол баланың құрсақта даму кезеңінде қан түзілуіне, қан айналысына, қан жасушаларының ыдырауына (Купфер жасушалары, әсіресе әритроцит пен тромбоцит гемолизі, фагоцитоз), қанның денеге таралуына (қан қоймасы) қатысады. 11. Бауыр қан қоймасы ретінде қан айналысындағы барлық қанның 20-30 пайызын тамырға айдап шығарып отырады. Оның бұл қызметі әсіресе қансырағанда және басқа жағымсыз жағдайларда байқалады. Бауыр жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметіне, яғни қан тамырының тонусына, серпімділігіне, жүректің жиырылу жиілігіне және басқаларға әсер етеді. 12. Бауыр дененің қорғаныс қызметіне қатысады, иммундық жүйенің негізгі бөліктерінің бірі (иммуно- поәз бен иммунды реакцияларды реттейді). Бауырда кармауыш денелер y -глобулин т.б. түзіледі. Фагоцитоз іске асырылады. Нәрестенің құрсақта дамуы кезеңінде В лимфоциттер, әсіресе Т-супрессорлар пайда болып, жетіледі, қанға ауысады, мұнда иммундық жүйені ба- сатын гуморальдық факторлар түзіледі. 13. Бауыр - экскреторлық ағза - кейбір заттар өтпен бірге сыртқа шығарылады. 14. Бауыр - уыт қайтарғыш ағза - денеде пайда болған (әндогенді) және сырттан келіп түскен (әкзогенді) әртүрлі улы заттар мен уыттарды (олардың ішінде дәрілер де бар) бейтараптандырады. 15. Бауырда ыдырау, жаңа қосылыстар түзілу арқылы гормондар (инсулин), глюкоген, АДГ, тироксин т.б. күшін жояды. 16. Бауыр жылу реттеу қызметіне қатысады. 17. Бауыр пигменттер (бояулы заттар) алмасуына қатысады. 18. Аталған қызметтер бауырдың шын мәнісінде гомеостаз бен гомеокинезді қамтамасыз ететін аса маңызды ағза екенін көрсетеді. Қорыта айтсақ, мұның бәрі бауырдың гомеостатикалық қызметіне жатады. Бауыр қызметінің реттелуі Бауыр мен өт жолында вегетативтік (парасимпатикалық және симпатикалық) жүйелер тарамданады. Бауырдың алуан түрлі қызметі орталық жүйке жүйесімен реттеледі. Кезеген жүйке арқылы өт өндіру мен өт шығаруды күшейтетін, гликогеннің жиналуына әсер ететін серпіністер келеді. Симпатикалық жүйке талшықтары мочевина түзілуін, қанттың бауырдан шығып, қан жүйесіне ауысуын бақылап отырады. Орталықжүйке жүйесінің бөлімдері (ми қыртыстары, гиппокамп, гипоталамус, торлы формация, лимбиялық жүйе, ортаңғы ми қүрылымдары) тікелей вегетативтік жүйесі арқылы да, гормондар жүйесі арқылы да бауыр қызметін реттеп отырады. Бауыр қызметіне үйқы безінің гормондары ғана емес, сондай-ақ әпифиз, адено- және нейрогипофиз, қалқанша без, жыныс бездерінің гормондары, тіпті гастро-интестиналдық (ішек-қарын) гормондар да әсер етеді, бұл — дәлелденген дерек. Ферменттік жүйелер қызметінің әдеттегі қалыпты атқарылуы, биологиялық мембраналар өткізгіштігінің өзгеруі, бұлардың зерттелуі гормондардың әсер ету механизміне, басқа да эндогендік заттардың ықпалына гепатиоциттердегі зат алмасу үдерістерінің түріне және қарқынына байланысты. Бауыр басқа ағзалар жүйесімен (сыртқа шығару, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, иммундық т.б.) тығыз байланыста. Осыған орай, медицинада гепатолиенальдық жүйе (бауыр-көкбауыр) мен синдром, гепаторенальдық (бауыр-бүйрек) жүйе мен синдром ұғымдары қалыптасты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар