Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бауырдың қызметі

Л.Людовик: «Бауыр- организмнің орталык зертханасы» деп атады.

28.12.2019
0
Бауырдың қызметі
Өткен ғасырда Л.Людовик бауырды «организмнің орталык зертханасы» деп атады. Өйткені:
1. Бауыр тәулігіне 1 л өт шығарып, ас қорыту үдерісіне қатысады, яғни өт өндіреді. Бауырды зерттегенде ең алдымен, оның қызметіне көңіл аударған жөн. Егер сары ауру белгісі білінсе, онда бауыр қызметінің бұзылғанын көрсетеді. Бауырды зерттеу тәжірибесінде Шванн жануардың денесіндегі барлық өтті шығарып тастаған кезде, жануар өліп қалғанын айтты деп хабарлайды KYN.KZ

2. Бауырда гисто-гемалық және гемато-лимфалық тосқауылдар өткізгіштігі күшті дамыған, сондықтан да бауыр лимфа түзілуі үдерісіне қатысады. Негізгі лимфа коллекторы — көкірек өзегі лимфасының көбі бауырда түзіледі. Онда белок та көп болады.

3. Бауыр зат алмасуына қатысады: гликоген түзіледі, инсулин әсерінен глюкоза гликогенге айналады. Мұнда гликоген басқа заттардан мысалы, белоктан, майдан түзіледі (глюконеогенез). Бауыр гликоген депосы, бұл энергия қажеттігіне байланысты. Гликогендік үдеріс нәтижесінде қанда глюкоза көбейеді де, оны басқа тіндер пайдаланады.

4. Бауыр белок алмасуының негізгісіне және соңғысына қатысады:

а) ішектен қақпа лыпыма тамырға өткен улы заттар бауырда бейтараптанады, ягни уытсызданады;
ә) амин қышқылдары дезаминденіп, одан босаған аммиактан мочевина түзіледі, яғни бауыр мочевина өндіру қызметін атқарады. Аммиак мочевинадан әлдеқайда уытты;
б) бауырда осы ағзаның өзіне ғана тән белоктар, қан белоктары (альбумин, глобулин, фибриноген) түзіледі, бұлардың біразы бауырда қор ретінде сақталады;
в) гуанидинсірке қышқылы метилденіп, креатинин түзіледі.

5. Бауырда қан ұюына қатысатын көптеген белоктар мен олардың компоненттері — протромбин, фибриноген, проконвертин, проакцелерин, V, XI, XII, XIII факторлар, сондай-ақ гепарин, антитромбин, антиплазмин т.б. қан ұюына қарсы тұратын жүйелердің компоненттері түзіледі.

6. Бауыр май алмасуына қатысады: оның тотығуы нәтижесінде кетондық заттар: ацетон, ацетосірке қышқылы, (3-оксимай қышқылы пайда болады; мұнда сондай-ақ триглицерид (әдетте бейтарап май қышқылдарынан), фосфолипид, липопротеидтер түзіледі.

7. Бауыр холестериннің түзілуіне, ыдырауына, сыртқа шығуына, сондай-ақ стероидты гормондар алмасуына қатысады.

8. Бауыр су мен тұз алмасуына қатысады: кейбір ғалымдардың: «Бауыр — судың және минералды заттардың қоймасы» деуі осыған байланысты.

9. Бауырдың витаминдер алмасуында да зор мәні бар: мұнда А витамині түзіледі; майда еритін басқа витаминдердің (А, Д, Е, К) алмасуы да осында өтеді. Кейбір витаминдер (В тобындағы, С, РР т.б.) бауырда қор болып жиналады да, мұндағы химиялық реакцияларга қатысады. Екінші бір витаминдер (В,, В2, В6) тобы осында фосфорланады.

10. Бауыр — қан жүйесінің маңызды бөлігі. Ол баланың құрсақта даму кезеңінде қан түзілуіне, қан айналысына, қан жасушаларының ыдырауына (Купфер жасушалары, әсіресе әритроцит пен тромбоцит гемолизі, фагоцитоз), қанның денеге таралуына (қан қоймасы) қатысады.

11. Бауыр қан қоймасы ретінде қан айналысындағы барлық қанның 20-30 пайызын тамырға айдап шығарып отырады. Оның бұл қызметі әсіресе қансырағанда және басқа жағымсыз жағдайларда байқалады. Бауыр жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметіне, яғни қан тамырының тонусына, серпімділігіне, жүректің жиырылу жиілігіне және басқаларға әсер етеді.

12. Бауыр дененің қорғаныс қызметіне қатысады, иммундық жүйенің негізгі бөліктерінің бірі (иммуно- поәз бен иммунды реакцияларды реттейді). Бауырда кармауыш денелер y -глобулин т.б. түзіледі. Фагоцитоз іске асырылады. Нәрестенің құрсақта дамуы кезеңінде В лимфоциттер, әсіресе Т-супрессорлар пайда болып, жетіледі, қанға ауысады, мұнда иммундық жүйені ба- сатын гуморальдық факторлар түзіледі.

13. Бауыр — экскреторлық ағза — кейбір заттар өтпен бірге сыртқа шығарылады.

14. Бауыр — уыт қайтарғыш ағза — денеде пайда болған (әндогенді) және сырттан келіп түскен (әкзогенді) әртүрлі улы заттар мен уыттарды (олардың ішінде дәрілер де бар) бейтараптандырады.

15. Бауырда ыдырау, жаңа қосылыстар түзілу арқылы гормондар (инсулин), глюкоген, АДГ, тироксин т.б. күшін жояды.

16. Бауыр жылу реттеу қызметіне қатысады.

17. Бауыр пигменттер (бояулы заттар) алмасуына қатысады.

18. Аталған қызметтер бауырдың шын мәнісінде гомеостаз бен гомеокинезді қамтамасыз ететін аса маңызды ағза екенін көрсетеді. Қорыта айтсақ, мұның бәрі бауырдың гомеостатикалық қызметіне жатады.

Бауыр қызметінің реттелуі

Бауыр мен өт жолында вегетативтік (парасимпатикалық және симпатикалық) жүйелер тарамданады. Бауырдың алуан түрлі қызметі орталық жүйке жүйесімен реттеледі.

Кезеген жүйке арқылы өт өндіру мен өт шығаруды күшейтетін, гликогеннің жиналуына әсер ететін серпіністер келеді.

Симпатикалық жүйке талшықтары мочевина түзілуін, қанттың бауырдан шығып, қан жүйесіне ауысуын бақылап отырады.

Орталықжүйке жүйесінің бөлімдері (ми қыртыстары, гиппокамп, гипоталамус, торлы формация, лимбиялық жүйе, ортаңғы ми қүрылымдары) тікелей вегетативтік жүйесі арқылы да, гормондар жүйесі арқылы да бауыр қызметін реттеп отырады.

Бауыр қызметіне үйқы безінің гормондары ғана емес, сондай-ақ әпифиз, адено- және нейрогипофиз, қалқанша без, жыныс бездерінің гормондары, тіпті гастро-интестиналдық (ішек-қарын) гормондар да әсер етеді, бұл — дәлелденген дерек.

Ферменттік жүйелер қызметінің әдеттегі қалыпты атқарылуы, биологиялық мембраналар өткізгіштігінің өзгеруі, бұлардың зерттелуі гормондардың әсер ету механизміне, басқа да эндогендік заттардың ықпалына гепатиоциттердегі зат алмасу үдерістерінің түріне және қарқынына байланысты.

Бауыр басқа ағзалар жүйесімен (сыртқа шығару, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, иммундық т.б.) тығыз байланыста. Осыған орай, медицинада гепатолиенальдық жүйе (бауыр-көкбауыр) мен синдром, гепаторенальдық (бауыр-бүйрек) жүйе мен синдром ұғымдары қалыптасты.

Бөлісу9Твит6
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3858 бөлісу
    Бөлісу 1543 Твит 965
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1687 бөлісу
    Бөлісу 675 Твит 422
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.