Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Маса шақпауы үшін не істеу керек?

Маса кішкентай сәбиді шақпас үшін бесігінің я төсегінің жанына лимон я сарымсақ қойып қойыңыз.

08.01.2020
0
Маса шақпауы үшін не істеу керек?

Жаз мезгілінде ызыңдап маза бермей, шағып алатын маса жәндігінің қаншалықты қауіпті екенін білесіз бе? Маса шаққанда дене бөртіп қана қоймай, адам баласы әр түрлі тері және жұқпалы ауруларына шалдығуы мүмкін. Сондықтан да масадан алдын ала сақтанудың жолдарын KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.

Адам баласы сияқты масаға да жағымсыз иістер әсер етеді. Маса шүйгіншөп (валериан), қалампыр гүлі, темекі, базилик өсімдігінің иісіне төтеп бере алмайды. Үйіңізге маса кірмесін десеңіз, терезеңіздің алдына базилик не қалампыр жапырақтарын қойып қойыңыз. Ал маса шағып алмасын десеңіз қол-аяғыңызға азғантай ғана шүйгіншөп сұйықтығын жағып алыңыз.

Маса ашық түстерді, соның ішінде сары түсті жақтырмайды. Егер де таза ауада демалуды көздесеңіз, үстіңізге сары киім киіп алыңыз. Сонда сізді маса шақпайды әрі демалысыңыз сәтті өтеді. Ал қара, күлгін, көк түстер масаны өзіне тартып тұрады.

Маса жынысы мен жасына қарамастан көбіне аққұба адамдарды шағады екен. Сондай-ақ, маса ер азаматтарға қарағанда нәзік жандыларды көбірек, әсіресе, аяғы ауыр келіншектер мен жас босанған әйелдерді жиі шағады.

Ағылшын биолог-ғалымдары масаның еті тірі, сабырсыз адамдарды көбірек шағатынын дәлелдеген. Себебі, әрдайым қимылдап, тағат таппайтын жандардың қан айналымы жақсы. Ал жүзі суық, тұйық жандарға маса аса көп жоламайды екен.

Маса жүрек, бауыр, бүйрек ауруларымен ауыратын жандарды көп шағады. Себебі, маса адам ағзасында зиянды холестериннің бар-жоғын сезеді. Ал дертке шалдыққандардың ағзасында зиянды холестерин жетіп артылады.

Маса терісі жұмсақ әрі тершіл жандарға жақын келеді. Терісі жұмсақ, қаны таза болғандықтан маса кішкентай балаларды көбірек шағады.

Есіңізде болсын!

Егер маса шағып алса, айран немесе сүтпен ысқылап қойыңыз;
Шаққан денедегі орындарды қасып, тырнауға болмайды;
Тырнап, қасып тастасаңыз, ас содасы қосылған сумен шайып жіберіңіз;
Йод, шүйгіншөп сұйықтығын жағып қойыңыз;
Егер да маса сізді табиғат аясында шағып алса, шаққан орынға бақбақ, жалбыз, түймедақ жапырақтарын басыңыз.
Үй өсімдіктерінің ішінде алоэ, қазтамақ (герань) жапырақтарын басыңыз.
Маса кішкентай сәбиді шақпас үшін бесігінің я төсегінің жанына лимон я сарымсақ қойып қойыңыз. Шаққан жағдайда, балаға жылы сүт я қайнаған су беріп, шаққан орындарды тұзды сумен шайып жіберіңіз.

Бөлісу66Твит41
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3858 бөлісу
    Бөлісу 1543 Твит 965
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1687 бөлісу
    Бөлісу 675 Твит 422
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.